Басты бет » 2015 » Февраль » 17 » « Болашаққа жол ашқан - мектебім мөлдір бұлағым»
09:54
« Болашаққа жол ашқан - мектебім мөлдір бұлағым»
загрузка...
Тақырыбы: «Болашаққа жол ашқан - мектебім
мөлдір бұлағым »
Мақсаты:
- Тәуелсіз Қазақстанның 23жылдық мерейтойына орай мектебіміздің екі жылдағы 23 қадам баспалдақтарын жыр-шашу етіп арнау.
- Заманауи үлгідегі жаңа мектеп жетістіктерін паш ете отырып, мектебіміздің салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға, көркейтуге, мектебін мақтан тұтуға, қадірлеуге тәрбиелеу.
- Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, мәнерлеп оқуға, әдемі, сауатты сөйлеуге үйрету.
Формасы: Үгіт- насихат
Өту барысы:
1. Кіріспе
Біз тұрған жер «Көшбасшылар» залы деп аталады. «Мектеп – қазіргі жеке тұлғаның, келешек ұрпақтың рухани жаңарып, жандануының қайнар көзі. Олай болса, №15 жбб қазақ орта мектебі Елбасының 100 мектеп, 100 аурухана аясында салынған мектеп болғаннан кейін әрбір шаңырақ ұрпақты , ұрпағы саналы, мақсаткер, рухани адамгершілі мол болсын , ырысты, ырысы жұртқа жұғысты болсын дегендей бабаларымыздың дана жолымен көш басында жүретін оқушыларымыз оқудан да, спорттан, өнерден де алғы шепте келе жатыр.
2007 жылдың сәуір айынан құрылыс жұмыстары басталып, 2008 жылы 12 желтоқсанда аяқталды.
2008 жыл 12 желтоқсан – қаламыздағы жаңа білім ордасының туған күні болып саналады.
2008 -2009 оқу жылында мектебімізде сынып комплектісі – 32, барлық оқушылар саны – 770, 53 мұғалім, мектепалды даярлық тобында 75 бүлдіршін тәрбиеленді.
2009 – 2010 оқу жылында сынып комплектісі – 37, оқушы саны – 900, мұғалім саны – 60.
Ал 2010 – 2011 оқу жылында сынып комплектісі – 38, оқушы саны – 930, мектепалды даярлық тобында – 110, «Таңшуақ» шағын орталығында – 85 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мұғалімдер саны – 80.
Осылайша, мектебіміздің шежіресі бастау алып келе жатыр.
Мектеп шежіресін жинақтауда жұмыстарды мынадай бағыттарға бөлдік:
 Мектеп тарихы;
 Мектептің педагогикалық ұжымының жетістіктері;
 Мектеп оқушыларының жетістіктері;
 Ұядан түлеп ұшқан түлектер;
Қонақтар галереясы деп аталатын 5 бағытта мектеп шежіресі жинақталып жатыр.
Қазіргі кезеңде оқушылар «Менің қалам», «Менің облысым», «Менің республикам» атты үш бағытта шығармашылық-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.

2. Негізгі бөлім
Малика:
Жиырма үш жылдық Тәуелсіздік тойында
Ерекше бір сезім құйып бойыма,
Мерейтойға жеткізген 20 қадам
Ұсынайық жетістігін баршаға.

Мадина:
Ата-бабам арман еткен ежелден,
Болашаққа қол создық көз көрмеген.
Қазақстан тәуелсіз ел атанды,
Тереземіз теңеліп өзге елменен.
Гүлсезім:
Қашан да ашық болсын қыран көгің,
Елбасы Нұрағамыз бастап берген бүгін,
«100 мектеп,100 аурухана» бағдарлама аясында
Қаланың қақ төрінен, мектебім алған орын .
Жанар:
Көшбасшысы Балқаштағы мектептің.
Қызғалдақтай ортасында көктеп тұр.
Болашаққа нық қадаммен адымдап,
Жүрегіме білім нәрін екпекпін.
Төреби:
Жайнай бер қызғалдақтай қырмызы,
Мәртебеңнің биіктесін жұлдызы.
Сенің берген білімінмен шарықтап,
Болмасыншы алынбайтын шың – құзың.
Ұлттық рухты,заманауи үлгідегі алтын ұя мектебіммен мақтанам!
1- қадам
Айдана:
Бой көтерді сұлу мектеп,
Қаланың қақ төрінен.
Қаншама адам еңбек етті,
Төкті маңдай терлерін.
Көркейтуге туып өскен жерлерін,
Құрлыста қызу еңбек қайнады.
Ұстаздар да қуаныштан жайнады ,
Өз қолымен ерінбестен қабырғаларын майлаған.
Мақтанышпен есімдері «ең бірінші» атанған,
Ең алғашқы қызметкерлер – майталман.

2- қадам
Ерасыл:
Әсем мектеп бой көтерді қаламызда
Тұсауын кесті депутат Ерлан аға
Көрімдігін көп қылып әкеліпті
Риза болып қол соқты бүкіл бала

Алтынай:
Мектепті ойлап өткен әр күні,
Сондықтан да біздің мектеп үлгілі.
Қарлығаш апай дана кісі басшымыз,
Тәртіп пенен мәдениеттің символы.
Қарлығаш апай талай жерде мақталған,
Ақылымен бір ұжымды басқарған.
Сүйікті мектебімнің білікті басшысы Қарлығаш апайыммен мақтанам!

3-қадам
Жаннұр:
Шаршамаған, уақытты санамаған,
Ұстаздардың еңбегін бағалаған.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы
Мектептің әкімшілік ұстаздары.
Мадина:
Ұстаздар бар сүйкімді, білім берген,
Ұстаздар бар анамдай ақыл берген.
Ұстаздар бар ақылды, тәлім берген.
Ұстаздар бар ойлы, сырлы нұр берген.
Алтынай:
Тазалықты ұран қылып жаттаған,
Мектебімде апайлар бар мақтанам.
Балалардың бар жағдайын жасаған,
Қиындыққа төзе біліп әрқашан.

4-қадам
Мадина:
Қаламыздың қақ төрінде ашылған,
Айналаға шуақ болып шашылған.
Бұл мектепке алғаш болып біз келдік.
Сынып болып, гүл шоқтарын құшақтап.

Марал:
Тастаттың да, үйге еркелік ойынды.
Мектеп - ана биіктеттің бойымды,
Ұлағатты ұстаздардан білім ап,
Қияларға жетеледің ойымды.

Гүлсезім:
Алғаш сынып қабылдаған ұстаз болып қаласыздар,
Шәкірттердің жүрегінен үлкен орын аласыздар.
Көптің бірі болып қана қалмайтын.
Сіздер – ұстаз және аяулы анасыздар.
5-қадам
Марал:
Қаңтар айы – әдемі, өрнекті еді...
Арқамда сөмке, қолымда бір шоқ гүліммен.

Шәкірттердің армандаған төл мектебі,
Айналайын, қоңырауымның сыңғырлаған үнінен.

6-қадам
Махаббат:
Жайнаған жасыл желек мектеп таңы,
Әдемі жинақталған гүлдер бағы.
Гүлдерді танып білсін балалар деп,
«Гүлзардың» мерекеге айналғаны.
Ерасыл:
Енді біз гүлдерді босқа жұлмаймыз,
Әрқашан да табиғатты қорғаймыз.
Жыл сайын «Гүлзар » фестивалінде
Гүлдердің пайдасын талдаймыз.
Жанар:
Бәйтеректей биік болған арманың,
Қанат сермеп биіктерге самғадың.
Өзгелерден озық білім көрсеткен,
Орындалсын аңсаған ақ арманың.
Махаббат:
Дәстүрлі «Шоқжұлдыз» мерекесі,
Айтарлық көп оның нәтижесі.
Мектептен қадам басқан өнерпаздар,
Астана, Рим, Париждің жүлде иесі.
Дәстүрлі «Достық» фестивалі де,
Бірлік пен ынтымаққа жетеледі.

7-қадам
Ерсайын:
Оқу- сенің сенімді нық серігің ,
Дем береді құлағанда, демейді.
Жылдың үздік оқушысы атанып
Білім, ғылым-асқар асу көгінде
Еңбегіңді көрейік біз мерейлі.
Дәстүрлі мерекелеріммен мақтанам!

8-қадам
Марал:
Мақсат-үміт жалындасын, самғасын,
Баршамызды күтеді ғой алда сын.
ҰБТ- ны нәтижелі тапсырған
Түлектерің тек биікке самғасын.
9- қадам
Алуа:
Мектебімнің өмірінде өскелең.
Нәтижелер кезең сайын жетілген.
Кейінгі ұрпақ қызығатын қарайтын.
Өзіне тән тарихы бар көптеген.

10 - қадам
Ерсайын:
Гүлдей жайнап, жаз айында жадырап,
Балалардың жүздерінен күлкі шуақ шашылды.
Балалардың мәртебесін асқақтатып,
«Шапағат» пен «Балдәуренім» ашылды.

11-қадам
Оңғар:
Екі жасар бөбектей жас мектебім
Түлектермен түрленсін әр көктемің
Аяулы ұстаз шәкіртің мен сұңғыла
Өркендесін егеменді текті елім
Жүз мектепке үндеу салған Елбасы
Бой көтерген ең жас білім ордасы
Ұстаздарым ұлылықтың бастауы
Шәкірттері ұлы істердің жалғасы

Алуа:
Балбөбектер өмірдің балбұлағы
Болашағы білімнің шам шырағы
«Таңшуақта» тәлім алған әр бала
Егеменді елдің таңғы шуағы
Қызықты әр күн, қылықты әр шақтары
Бал тілімен айтылған ән, тақпағы
Білімді ұрпақ ұл мен қызы осылар
Тәуелсіздік қазағымның ақ таңы

12 –қадам
Төреби:
Бұл мектеп дарындылар шаңырағы,
Біліммен сусындаған бар ұланы.
«Алтын бала» Ақбөпе ортаңда жүр,
Қазақтың болашағы, өр қыраны.

Білімдіге сенеді елбасшысы
Ақбөпе- білімділер көшбасшысы.
Ақталсын ұстаздардың бар еңбегі,
Қадалсын кеудесіне «Алтын белгі!

Жанар:
Біздің мектеп үздіктердің ордасы.
Білімдіге сенеді елбасшысы,
Ғылымменен қаланатын әр тасы.
Түлектері биіктерден көрініп,
Таққа ұлассын отырған әр партасы.

13-қадам
Марал:
Мектебімнің «брэндіне» айналған,
Білімім мен сыртқы бейнем сай маған,
Мектебіме ерекше бір сән берген,
Үлгі тұтам, киіміммен мақтанам.

Мадина:
Ұстаздарым мен өзіңе таңданам,
Жан – жағыңда бүлдіршіндер, бар балаң.
Шәкірттерің шарықтасын шыңдарға,
Қуанышпен атыңды айтып мақтанам.

Аяжан:
Аман жүру – үлкендердің тілегі,
Жадымызға ережені түйейік.
Жол белгісін қадағалап үнемі,
Әрқашан да аман – есен жүрейік.

Айдана:
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Егеменді ел болдым деп жар салам!
Тәуелсіз ел болып бағы жанған,
Тәуелсіздігіммен мақтанам.

14-қадам
Аяжан:
Даланың да , қаланың да,
Думандатып отбасын.
Ең алғашқы жаңа жыл,
Қақты мектеп қақпасын.
Бұл жыл - Барыс жылы,
Тарих болып сақталсын!

15 –қадам
Айдана:
Ағалар біздің мінезі бай тамаша,
Сан жетпейді қасиетін санаса.
Олимпиада жүлдегері, әрі үздік.
Еліктейді бауырлары қаншама.
Білімді аға-апаларымды мақтан етем!

16-қадам
Ерсайын:
Нұрын шашты мынау әсем гүлдерім,
Көбейтіп те жатыр екен түрлерін.
«Гүлзар» және «Гүлстанмен» бірлесіп ,
Игілікке жаратады оқушылар білгенін.

17 -қадам
Алуа:
Ерлік еткен ерлердің есімдері,
Ұрпақтың санасында жатталады.
Батырлығым өзгеден көш ілгері,
Оған куә тарихтың ақ парағы.
18 -қадам
Төреби:
Мектебімнің алғашқы баспалдағы,
Көшбасшылар залынан басталады.
Өнер менен білімді қатар ұстар,
Шәкірттердің самғауы – асқаралы.
19 –қадам
Шұғыла:
Жас қырандай қанат қағып қияға,
Арман қуып, ағаларым, қиялда.
Жігерің мен сезімінді от қылып,
Самға биік, жалын атып жүр алда!
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
20 -қадам
Оңғар:
Міне, біздің білімнің жайсаңдары,
Жарасар жолына гүл жайсаңдағы.
Мектептегі білімнің жайын ойлап,
Ертелі – кеш жігерлі байсалды әрі.
Дарынды ұстаздары шәкірттердің
Жүзінде болашақтың ашық таңы.
Елімнің жайнап өсер жас шынары,
Биіктен қөрінуге асық бәрің.

Шұғыла:
Балғындай ұстаздың , ұстамы мол екен,
Аяулы ұстаздың, шәкірті көп екен.
Білімін аямай, балаға арнаған
Ұстаздың игі ісі облысқа , қалаға
Жыр болып таралған.

Айдана:
Ұстаздардың шаршамайтын еңбегіне таң қалам,
Ұлылықпен, даналықпен өмір заңын талдаған.
Құпиясын аша білер ғаламның,
Шексіз оқып, бұл әлемді шарлаған.
Ұстаз берген өнегемен өлшенеді дүние,
Ұстаз берген өнегемен қаланады бар арман.
Өнегелі ұстаздарыммен мақтанам!

Ерасыл:
Жас қырандар - бейбіт елдің ұланы,
Елді қорғап күзетеді, қырағы.
Олимпиада кубогын қолына алған,
Біздің «Арлан» топтан дара тұрады.
Ерасыл:
Облыстық «Мен - қазақпын» байқауының жүлдегері
«Болашақ» грантының иегері
Ақпар Жұлдыз келешектің ерекше бір тұлғасы
Біліміңмен биіктерге ұшқан құстай самғашы

Мадина:
Спорт- біздің досымыз
Күш- қайраты сыналған,
Спорт - біздің досымыз.
Нұрын шашып тұр алдан.

Спорт – біздің досымыз
Бірге уақыт өткізген,
Спорт – біздің досымыз
Жүлделерге жеткізген.
Міне, осындай жетістіктеріммен мақтанам!

Малика:
Білімді ұрпақ елімнің болашағы
Жетістігін мектебімнің жырласам жарасады.
Шәкірттерің озық ойлы білім қуған,
Әлі талай биіктерге таласады.

Екі жылдық төл тарихын ту ұстап,
Сан белесті бағындырып келеміз
Шәкірті боп, білім нәрін уыстап,
Болашаққа нық сеніммен жетеміз.
Біз:
-Республикамыздың тарихын білуге;
-Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын сақтауға;
-Тәуелсіздігімізді бағалай білуге;
-Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге;
-Мектебімізді көркейтуге ;
Ант етеміз!
3. Қорытынды

Мерекелік іс-шараға қатысқандар : 3-4-сынып оқушылары

Мерекелік іс-шараны құрастырған : бастауыш сынып кафедрасы.
loading...

Авторы:

Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1005 | Қосты: қуаныш | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5917
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0