Сайт учителя начальных классов
.
Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды жасауда виртуалды электрондық оқулықтардың маңызы

Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды жасауда виртуалды электрондық оқулықтардың маңызы

Мақтарал ауданы С. Асанов атындағы жалпы орта
мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Баяндама

Тақырыбы: Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды жасауда
виртуалды электрондық оқулықтардың маңызы







Орындаған: Қиятаев. Ғ



Мақтарал 2014-2015 оқу жылы

Келешек ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, көздеген мақсаттарына жететін сонымен қатар тұлға болып қалыптасатын сонымен қатар болашақтың бүгінгі күннен де жарқын және нұрлы болуына әсер ететін адамзат өмірінің алға жетелейтін бір бөлшегі ол әрине білім. Болашақтың кілтін саналы да сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп беретін жастар ғана аша алады. Бүгінгі оқушы ертеңгі дамыған тұлға. Сондықтан білімді ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімдердің сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Әлем елдерінің оның ішінде Қазақстан мұғалімдерінің ең басты проблемалары оқушыларды қалай және нені оқыту керек деген басты мәселе болып тұр. Сол үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін алып сол мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз болып тұр. Болашақтың кілтін саналы да сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп беретін жастар ғана аша алады. Сол үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін алып сол мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз болып тұр. Мұғалімдердің қазіргі кездегі басты мақсаты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өтіп оқушыларға алған білімдерін өмірде қолдана алатындай тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі уақытта еліміздегі білім беру саласына Елбасымыз тарапынан басты назар аударылып, жан-жақты жағдай жасалынуда. Жарқын болашақтың кілті болып табылатын өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талаптарға жауап берсе, тәуелсіз еліміздің тұғыры мықты болмақ.
Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймын. Биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру – өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады.
Зертханалық сабақтар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады.
Міндеттері:
– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің әдістемелік ерешеліктерін сипаттау;
– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің тиімді әдістерін жалпылау;
– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтар үлгілерін әзірлеу.
Оқушылар талапқа сай бағдарламада көрсетілген әр түрлі зертханалық жұмыстарды орындап, осы шарттарды қанағаттандырғанда ғана олардың тұрақты білім мен білік дағдылары тәрбиеленеді және оны орындау қарқыны өседі.
Мұғалімнің мақсаты: биология бөліміндегі зертханалық сабақтарды жоспарлап өткізу. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық сабақтың оқушы үшін тиімділігі төмендегідей:
1. Оқушы тақырыпқа байланысты ауызша алған түсінігін тәжірибе жасау
арқылы толық меңгереді.
2. Алған білімін іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
3. Мұғалімнің түсіндіруі арқылы алған біліміндегі маңызды құбылыстардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап мәнін терең түсінеді.
4. Зертханалық жұмыс істеу тәсілдерімен әдістерін игереді.
5. Сабақта танысқан өсімдіктердің ішкі құрылысын, дене бөліктерін толық
ажыратуға дағдыланады.
6. Зертханалық сабақ барысында оқушылардың биология ғылымының салаларына деген қызығушылығы артады.
7. Зертханалық жұмыс кезінде пайдаланатын құрал –жабдықтармен жұмыс жасау тәртібімен танысып, үйренеді.
8. Зерханалық жұмыс барысында оқушылар еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді және әсемдік тәрбие беріледі.
9. Бақылау сұрақтарына жауап береді.
Зертханалық сабақтардың жүру барысы:
1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.
2. Керекті құрал–жабдықтар.
3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп,
оларды сабаққа қалай пайд алану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша
түсінік береді.
4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі
туралы айтады.
5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.
6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне
жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді.
Зертханалық сабақтарда әдістердің түрлері:
- Білімді берудің негізгі көзі – көрсету. Оқытушының зат пен құбылысты
демонстрациялап көрсетуі болады, екінші орында – бағыттап түсіндіру.
- Білімнің негізгі көзі – байқауда. Бұл жерде оқушының әрекеті
демонстрациялайтын объектіні не процесті көріп қабылдауға бағыттайды.
Оқушы өзінің жауабында нені байқағанын айтады. Кейде өсімдік пен жануарларды демонстрациялап, не таблица арқылы әңгімелеп айтады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі зертханалық сабақ процесінде мұғалім мынадай нәтижеге қол жетеді:
- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
- оқушыны басқа жақтарынан таниды;
- өзін жетекші, бағыттаушы ретінде таниды;
- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;
- оқушының жұмысын бағалайды.
Қазіргі оқыту процесінде модульді оқыту технологиясы кеңінен қолдануда
және өз тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері:
- құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлеу, қорытынды);
- өзін – өзі бағалау;
- топтық жұмыстағы белсенділік;
- көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі;
- еркін тәрбиеге баулу.
Биология пәнінің оқу бағдарламасында зертханалық және практикалық жұмыстардың тақырыптары әр сыныпқа анық көрсетілген. Атап айтсақ:
6-сыныптағы зертханалық жұмыстар:
1. Споралы және тұқымды (ашық тұқымды және жабық тұқымды)
өсімдіктермен танысу: көкек мүгі, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, қызанақ;
2. Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу;
Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепаратын даярлау; Осы
микропрепараттарды ұлғайтқыш құралдар арқылы, қарап өсімiдік
жасушасының құрылысын зерттеп білу;
3. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы.
Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу;
4. Түрлі өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас
бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың). Тамырдың өсу
(созылу) аймағын тауып анықтау. Тамырдың түрөзгерістері;
5. Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы. Жапырақтың сыртқы
құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу. Жапырақтың ішкі құрылысы.
Жапырақтың түр өзгерістері. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық
сақиналарды табу. Тамырсабақтың түйнектің және пиязшықтың құрылысын
қарау;
6. Гүлдің құрылысы мен танысу. Бунақденелілермен және желмен
тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру;
7. Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу;
8. Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және 7
сыртқы құрылысы. Мүктердің сыртқы құрылысы. Қырықжапырақ тәрізділердің
сыртқы құрылысы. Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы.
Қылқанжыпырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын
зерттеп білу. Шаршыг үлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен
жемістерінің құрылысы. Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен
жемістерінің құрылысы. Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен
жемістерінің құрылысы. Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен
жемістерінің құрылысы. Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен
жемістерінің құрылысы. Лалагүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен
жемістерінің құрылысы. Пияз тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен
жемістерінің құрылысы. Астық тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен
жемістерінің құрылысы;
9. Пішен таяқшасы бактериясын микроскоп астында қарап, сыртқы
құрылысымен танысу. Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек
бактерияларын микроскоп астында қарап құрылыс ерекшеліктерімен танысу;
10. Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп
білу. Түтікшелі және қатпарлы қалпақты саңырауқұ лақтардың жемісті
денесінің құрылысы. Қабық (қаспақ) тәрізді қынаның жемісті денесінің сыртқы
құрылысын зерттеп білу. Қыналардың екі-үш өкілдерінің құрылыс
ерекшелігімен танысу.
7-сыныптағы зертханалық жұмыстар:
1. Ашық су қоймасынан не аквариумнан алынған су тамшысын микроскоп
астында қарап, қарапайымдардың өкілдерін табу;
2. Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеп білу және салыстыру.
Тоспаұлудың (немесе жүзім ұлуының) қозғалу ерекшелігін, сыртқы
тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Бақалшағының
пішінін, оның сыртқы және ішкі қабаттарының құрылысын қарап зерттеу.
Әртүрлі тұщы су және теңіз ұлуларының бақалшақтарын салыстырып зерттеу;
3. Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы. Жеміс шыбыны дрозофиланың
дернәсілін және ересек дарағын қарап, оның құрылыс ерекшеліктеріне назар
аудару. Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянкес
бунақденелілерді ажырата білу;
4. Сулы ортадағы тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысына
назар аударып зерттеу. Қабыршақтарындағы дөңгелектеу келген сызықтарға
қарап балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын қарап зерттеу. Балықтың 8
ішкі құрылысына қарап мүшелерін анықтап табу, олардың орналасуына назар
аудару;
5. Тірі бақаларға бақылау жүргізу. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеп
білу. Қаңқасының ерекшелігіне назар аудару. Даяр ылғал препараттан бақаның
ішкі құрылысына қарап мұқият зерттеу;
6. Тірі кесірткенің қозғалысын, басқа да тіршілік әрекеттерін бақылау (улы
емес жыландарды немесе тасбақаларды бақылауға болады). Олардың сыртқы
құрылыстарына назар аударып зерттеу. Кесіртке мен бақаның қаңқаларын
салыстыру;
7. Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы,
қауырсындарының әртүрлі типтері. Құстардың қаңқасы, ішкі құрылысы
(ылғалды препарат). Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу;
8. Аңдардың тіршілігін бақылау. Сыртқы құрылысын, қаңқасының
құрылыс ерекшелігін зерттеп білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын
қарап танысу.
8-сыныптағы зертханалық жұмыстар:
1. Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп
астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны
көріп танысу;
2. Тізе рефлексін зерттеу. Терінің тітіркенуі кезінде жолақтардың түзілуін
бақылау: вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерінен терідегі
қан тамырлары тарылып теріде ақ жолақтар көрінеді, ал одан кейін байқалатын
қызыл жолақтардың парасимпатикалық бөлімнің әсерінен қан тамырларының
кеңеюіне байланысты жүреді. Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және
оның тежелуі;
3. Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау. Соқыр
дақты табу. Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау. Саусақтардың ұшындағы
төмпешіктердегі және сыртқы бетіндегі сезімталдықты анықтау;
4. Кальцийсіздірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу.
Омыртқа жотасының иілгіштігін, бұлшық еттер мен сүйектерінің орналасуын
анықтау. Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау;
5. Адам қанын микроскоп астында қарап, құрылысымен танысу;
6. Жарақаттанған саусақты қатты қысып байлау себепті веналық
қақпақшалар жабылып, қолды төмен түсіргенде саусақтың веналық қан
тамырларында қан айналым тоқтайды. Тамырдың соғуын қолдың білезігінен
кәрі жілік артериясын саусақпен басып өлшейді. Жүрек қан-тамырлар
жүмысын тексеру үшін адамды 20 рет отырғызып-түрғызудың алдындағы және
одан кейінгі тамыр соққыларын салыстырып анықтайды;
7. Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсерін байқау;
8. Тамыр соғуының санына сәйкес шамамен энергия жұмсау мөлшерін
анықтау. Тамақтану мөлшерін анықтау, тамақ рационын құру;
9. Еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін
бағалау;9
10. Қолдың алақанын және сыртқы бетін ұлғайтқыш әйнекпен (лупа)
қарап зерттеу. Терінің терморецепторларын (суық және жылу), жанасу
рецепторларын табу. Майлық қағаздың көмегімен беттің түрлі учаскелеріндегі
терінің майлылығын анықтау.
9-сыныптағы зертханалық жұмыстар:
1. Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі;
2. Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз.
Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы. Олардың
құрылысындағы айырмашылықтарды табу;
3. Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және
вариациялық қисық сызығын құрастыру. Организмдердің өзгергіштігі;
Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері;
4. Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері;
5. Организмдердің мекен ортасына бейімделуі. Өсімдіктердегі
ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар.
10-сыныптағы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) зертханалық жұмыстар:
1. Эукариоттық (өсімдік, жануар,саңырауқұлақ) және прокариоттық
(бактериялық) жасушалардың құрылысы;
2. Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық
(бактериялар) жасушалар;
3. Өсімдік фенотиптерін зерттеу.
11-сыныптағы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). зертханалық жұмыстар:
1. Мәдени өсімдіктердің іріктемелерінен өзгергіштікті, қолдан
сұрыптаудың нәтижесін, түр критерийлерін зерттеу;
2. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу
10-сыныптағы (жаратылыстану-математикалық бағыт) зертханалық жұмыстар:
1. Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық
(бактериялар) жасушалардың құрылысы;
2. Пияз эпидермисінің жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз
құбылыстарын бақылау;
3. Өсімдік жасушаларындағы цитоплазманың қозғалысын бақылау;
4. Өсімдіктер мен жануарлардағы өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар
және қисық құрастыру;
5. Өсімдік фенотиптерін зерттеу;
6. Шежіре құру.
11-сыныптағы (жаратылыстану-математикалық бағыт). зертханалық жұмыстар:
1. Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың
нәтижесін, түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу;
2. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу.
Ескерту: Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар
болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен
алмастыруға болады. Зертханалық сабақтар мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіру бағытында жүргізіледі, егер оған сағат бөлінбеген болса, тарауды қорытындылау кезінде өткізуге болады.
Биология пәнінің басты міндеттерінің бірі – оқушыларға материалистік
көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастыру. Себебі пәннің
мазмұны тіршіліктің пайда болуы, дамуы және мәні заңдары негізінде берік
моральды, өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды
қылықтар мен әрекеттерге төзе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Тек биология пәнінен
зертханалық сабақтарды ұйымдастыру арқылы ғана, дұрыс ұйымдастырылған нақты мақсатты сабақтар өткізу, сабақ әдістерін жетілдіру нәтижесінде терең де дәйекті түрде адамның табиғаттағы рөлін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өмірлеріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.Сонымен қатар биология сабағында зертханалық жұмыстар жасау арқылы – оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына ойын жинақтауда сонымен қатар, өз бетінше іздеп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу
Әдістемелік құрал
2. Әлиева Б. Оқыту стратегиялары. Биология және салауаттық негізі.
3. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы
4. Мырзабаев А.Б. Оқушылар шығармашылығын дамыту

ID: 147 | Просмотров: 17148

26/Янв/2015