Басты бет » 2015 » Январь » 23 » Білім беру үрдісінде педагогикалық инновацияларды қолданудың тәжірибесі
05:18
Білім беру үрдісінде педагогикалық инновацияларды қолданудың тәжірибесі
загрузка...

Білім беру үрдісінде педагогикалық инновацияларды қолданудың тәжірибесі

 

Т. А. Ә.   Мырзахмет Айсұлу Бақытжанқызы

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  -

Жұмыс орны, қызметі  Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, информатика пән мұғалімі

Баяндама тақырыбы  Білім беру үрдісінде педагогикалық инновацияларды қолданудың тәжірибесі

Пошталық мекен-жай   Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Алмалы ауылы, А. Байтұрсынова көшесі №12 үй

Байланыс телефондары  8 775 834 57 74,  8 777 678 04 04

Электронды мекен-жай  aison8686@mail.ru

 

 

           Қазіргі  кезде  егемен  елімізде білім берудің жаңа  жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге  бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру  парадигмасы /үлгісі/ өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. Оқу үрдісіне жаппай жаңа  педагогикалық технологияның түрлері енгізілуде.           В. Беспальконның тілімен айтқанда: «педагогикалық технология дегеніміз- тәжірбиеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі». Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақ – ой  мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту- заманның басты талабы.

 Қазіргі білім саласындағы оқытудың  жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше  сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зердерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көрсете алады.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. [1, 160]

Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология - келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
         Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін инновациялық технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында копьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік тақтаны қолануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. [4, 89]

         Білім берудегі интерактивті технология-мұндағы  интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді. Сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес. Сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Мұғалім жаңа материалды өте қызықты әрі түсінікті етіп түсіндіру үшін ең керекті бірден-бір құрал – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Интерактивті тақта-бұл компьютердің қосымша  құрылғыларының  бірі  және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды  біріктіретін: ақпараттың  кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақтаның түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard(Promethean компаниясы) ACTIV studio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор  және ақпараттарды енгізуге арналған  активті  қаламнан тұрады.

         Активті қалам- бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғын.

 Алдын ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтідік ақпараттар, бейне және аудио материалдар, алдын-ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгеруге арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізді. [3, 316]

 Сабақта компьютерлік желіні интернет ресурстарымен толықтырып отырудың өзі білім берудегі  ақпараттандыру үдерісінің іс жүзіне асқанын көрсетеді. Атаулы жұмысты қарау  барысында информатиканы оқытуды ақпараттандырудың жаңа бір әдісін байқауға болады.

Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
• Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыруға;
• Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
• Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
• Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
• Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;
• Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
• Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. [2, 206]
             Әдістеменің ерекшеліктері: оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
         Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу ұстазға да, оқышыға да қолайлы, әрі тиімді. Оқушыны ұстаздың жалаң сөзінен гөрі көз алдындағы тақтадан көріп жатқан бейне көп қызықтырады. Бұл – баланың білімге деген ынтасын арттыратын таптырмас құрал.

     Күнделікті сабақта барлық оқушыларға интерактивті тақтаның тиімділігі:

- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

-Экономикалық тиімділігі және білім сапасына әсері зор;

- Қарапайым қолмен ұстап, көзбер көріп, сезіне білуі;

- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор;

- Оқушы білімін тексеруде нәтижелі көрсету.

Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
              Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
              Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
             Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Жаңа ақпараттық қоғамның негізгі талабы-оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік дамуы мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық дағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Жаңа ақпараттық бірлікті қалыптастыру:

  • Колледждің  материалдық – техникалық базасына;
  • ақпараттық қоғам саясатына мақсаты мен міндеттеріне;
  • оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
  • оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне;
  • педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне;
  • оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағыты мен өзара байланысына тәуелді. [5, 55]

         Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Колледждің білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен мадернизациялаудың тиімді  тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық – педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

  • оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми- әдістемелік жоғын анықтау;
  • оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
  • мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үдерісінде  пайдалану бойынша кәсіби  біліктерін жетілдіру;
  • оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
  • Колледждің материалдық –техникалық базасын нығайту.

     Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияны пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

     Мысалы: І  курста «Интернет мүмкіндігі» тақырыбында өткізген ашық сабағымдағы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:

     Сабақтың тақырыбы:  Интернет мүмкіндігі

     Сабақтың мақсаты: Оқушыларға интернет мүмкіндігі тарауын қайталап, оқушылардың білімін тексеру.

     Күтілетін нәтиже:

  • Интернетке қосылу жолдарын біледі;
  • Internet Explorer және Opera браузерлерімен жұмыс жасауды;
  • Электрондық пошта құра алады;

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану.

Сабақтың түрі: Тест технологиясын пайдалану

Сабақтың жоспары:

Қызығушылығын ояту. Венн диаграммасын толтыру

Мағынаны тану. Тест тапсырмаларын орындау

Бағалау. Бірінші бөлімі бойынша оқушылар интернеттік қызметтердің  бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазып, кесте толтырады.

Ұқсастығы:  презентациядан қарауға болады.

Айырмашылығы: екінші бөлімі бойынша оқушыларға үш нұсқада тест жұмыстары үлестіріледі.Осы сабақтың соңында оқушылардың тест жұмыстары тексеріліп бағаланады.

Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылаймыз.

  1. Интернет деген не және ол не үшін керек?
  2. Үйде Интернет желісіне қалай қосылуға болады?
  3. E-mail, ftp, www, ip-телефониясының мүмкіндігіне қысқаша шолу
  4. Internet Explorer браузерімен негізгі жұмыстар, өз компьютеріңнен алынған ақпаратты сақтау
  5. Google, Yandex, Rambler ақпараттық-іздеу порталы
  6. Е-үкімет (қажетті ақпаратты іздеу, формулярды қағазға басып шығару)
  7. Интернет-қызмет (қонақ үйлерінде брондау, туристік сапарға тапсырыс, мәтіндерді аудару және т.с.с.)
  8. Интернет-банкингі (www.my.bta.kz, www.homebank.kz)
  9. Е-төлемдер (Интернет-дүкендер және т.с.с.)
  10.  Чаттар, форумдар, ICQ
  11. Интернет арқылы шығу, Итнтернет арқылы ұялы телефондарға хабарлама жіберу
  12. Ip-телефониясы (skipe бағдарламасы)
  13. Чаттар, форумдар, ICQ
  14.  Қашықтықтан оқыту

Осы жаңа технологияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан тыңдап, көріп оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді. [7, 89]

           Оқушылар тарауды жақсы меңгергенін, компьютерлік сауаттылықтары дамығанын, ақпараттық мәдениетінің қалыптасқанын көруге болады. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың интернеттік қызметтер, электрондық пошта, жалпы электронды поштамен жұмыс жасау технологиясын жақсы меңгергенін көрсетті. Бірақ оқушылар провайдерді таңдау өлшемдері, қашықтан оқыту  жөнінде түсініктерді әлі де кең түрде қарастыруды қажет етті. Оқушылардың барлығы тестті «5», «4» деген бағаға тапсырып, білім сапасы 100% көрсетті. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен іздемпаздығына тікелей байланысты.

            Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық-компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.

Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Осы тақырыпты қорытындылай келе, ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім.

Қазіргі техниканің дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану көп колледждерде жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынса деймін.

         «Ешбір адамға білім алу мен жетілу жәй беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен,өз күшімен ұмтылуы тиіс»,-деп Дистерверг айтқан болатын. Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, мұғалім рөлін атқаратын процесс жүргізілуі тиіс, оқушылар жаңа технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесінде көтерілу керек.

         Информатика пәнін оқытуда кез-келген сабақ ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен практика мен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталықты оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Бірақ біз инновациялық технологияларын қолдана отырып бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізі құрамы мен бірге интернет мүмкіндігін меңгергендігін білуге болады.

Инновациялық технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижеде оқушы:

* компьютерде еркін жұмыс жасады;

* интернетте жұмыс жасайды;

   * ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;

   * интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;

   * электрондық поштаны қолданып, үрлі ақпараттар алмаса алады;

   * өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

   * ақпараттық сауаттылығы  мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады. [6, 43]

              Мұғалім-ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлықты,  ұйымдастырушылық қабілеттілікті оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Әдебиеттер

1. Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению мптематике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 бет.

2. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной мстодической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. -206 бет.

3. Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации оброзования: монография.-Алматы: Алем, 2002. – 316 бет.

4. Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве: Н.Б.Чекалева): Монография. Омск: ОмГПУ, 2002. – 89бет.

5. Фарбер Д.Х. Жизнь – в детях. Народный учитель. – Алма-Ата, 1982 - 55 бет

6. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006 - 43бет.

7. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008-89 бет.

 

loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1908 | Қосты: Мырзахмет_Айсулу | Ілмек сөздер: тәжірибесі., қолданудың, инновацияларды, педагогикалық, беру, үрдісінде, білім | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 26
Қонақтар: 26
Тіркелгендер: 0