Білім беру үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану

Мулдиярова Мадина Елеусізқызы
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Талғар ауданы,Ж.Жабаев атындағы № 6 орта мектеп

Білім беру үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану

«Қазіргі заманда жастарға
ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет»
Н. Ә. Назарбаев

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген.
ХХІ ғасырдың үлкен жетістігі ақпаратты - қатынастық технология құралдарымен етене байланыс. Қазақ тілін ұлты басқа шәкірттерге оқыту – күрделі іс. Сондықтан оның кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін саралап – қазақ тілін оқытып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген өзекті тақырыпты алып, мәселенің шешілуі жолы ақпаратты- қатынастық технологияларды қолдану деген тұжырымға тоқтала кетсек, артық болмайды. Ақпаратты-қатынастық технология - өзінің мәнділігі жөнінен өте әділ де шындыққа негізделген үрдіс. Демек, ХХІ ғасыр әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология құралдарымен жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып отыр.
Біз жаңа мыңжылдыққа, ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл - алдыңғы қатарлы елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер емес, ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді елдер тұратынын білдіреді. Ќазіргі кезде ең бағалы тауар – ақпарат болып саналады. Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдаланып терең білім алса сол ел алдыңғы қатарлы болып саналмақ.

Автор: Мулдиярова Мадина Илеусизовна

Алматы облысы, Талғар қаласы, Ж.Жабаев атындағы №6 орта мектеп

18
Декабрь
0
1651
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.