Басты бет » 2015 » Март » 6 » «Білім беру ұйымдары әдіскері қызметінің моделі»
11:08
«Білім беру ұйымдары әдіскері қызметінің моделі»
загрузка...
«Білім беру ұйымдары әдіскері қызметінің моделі»
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуде. Елбасымызды «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» жолдауындағы басым бағытардың бірі-Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Ал адами капиталды – еліміздің ертеңгі азаматтарын оқыту мен тәрбиелеуді сапалы жүргізу біздің басты міндеттерііміз.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы – тәуелсіз қазақстанның келесі бір даму белесін айқындап берген бағдарламалық құжат. Елбасы өз мақаласында білім беру ісін жаңғырту міндетін қойып отыр. Ол негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үрдісін жаңғырту, білім беру қызметінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бірі – Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жариялануы .
Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесінде де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек.
Еліміздің ертеңі адами капиталдың бағбаны да, бақ қондырушысы да ұстаздар қауымы. Сондықтан да қазіргі коғам мен мемлекетіміз ұстаздардын ерен еңбек пе кәсіби шеберлікті талап етіп отыр. Заман талабына сай болуы үшін кез келген үстыз кәсіби құзіретті болуы керек. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - педагогтардың құзіреттлігін үздіксіз дамыту. Қазіргі таңда мұғалім құзіреттілігін үздіксіз жетілдіруде мынандай міндеттер жүктеліп отыр.
1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы.
2. Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі
3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі.
4. Компьютерлік техниканы меңгеруі
5. Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.
Мұғалімдердің құзіреттлігіне қол жеткізіп, білім беру мен тәрбиені барынша сапалы етіп беруде мектепте әдістемелік қызметті ұйымдастыру да өте маңызды. Мектептегі әдістемелік қызмет – бұл ғылым мен озат педагогикалық тәжірибеге және нақты оқу - –әрбие процесіне негізделген біртұтас жүйе, әр мұғалім өз кәсіби біліктілігін жан – жақты дамытуға, мектеп пен педагогикалық ұжымның шығармашылық мүмкіндігін дамыту мен жоғарылатуға арналған.
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
«Мұғалім бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді,сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдары жүретін, қажырлы қайратты, инициативашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр емес, тапқыр еңбекқор болуы керек. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс»-деп жазды Нәзипа Құлжанова
Осындай маман иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруда олардың маңдай тері еңбектерінің жемісін көруге көмегін тигізетін әдіскер қауымының атқарар еңбегі қашанда ауқымды, маңызды,қажетті және жауапты іс болып қала бермек.Әдіскер қызметінің моделін ұсынбастан бұрын нақты міндеттерін анықтап мақсаттарын белгілеу маңызды.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырып отырушы әдіскер қызметінің мақсаттарын белгілеуде басшылыққа алынатын нәрсе:
1. Білім беру үдерісінің базалық даму бағыты
2. Мұғалімдер мен жтекшілердің кәсіби қиыншылықтары
Осыларды нақтылау дәрежесіне сәйкес мақсаттар иерархиясы пайда болады.
І-деңгей мақсаттары білім беру ққызметінің «білімділіктен» - «құзіреттілікке» өтуін жатқызамыз.Әдіскерлер осы өтпелі кезеңде педагогтарға жағдай жасап білім беру мекемелерінің даму парадигмасына сәйкес жұмыс жүргізеді, соның арқасында базалық білім беру үдерісі мыналарға қол жеткізеді:
 Түлектердің мамандық таңдау әлемінің өзгерісін түсінуі
 Өзгерістерге бейімделі механизмдерін жасау
 Білім алушылардың инновациялық білімді іздеу, табудағы өзін-өзі басқару, бағыттау, ұйымдастыру қабілеттеріне қол жеткізетін өзіндік тетіктерді қалыптастыру
Басқаша айтқанда әдіскер қызметінің стратегиялық мақсаты, жаңаша білім беру құндылықтарын басшылыққа алған жаңаша әлеуметтік «тапсырыспен» анықталады.
ІІ-деңгей мақсаттары былай болады: біріншіден педагогар мен жетекшілердің өздерінің кәсіби әрекеттерін қанағаттандыруына жағдай жасау;
Екіншіден, әдіскер мұғалімдердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың дамуына жағдай туғызуы керек.
ІІІ-деңгей мақсаттары кәсіби дайыындалған әдіскер атқаруға тиісті міндеттер: әдіскердің шешетін шынайы кәсіби міндеттері өз атқаратын білік жүйесіне сай болуы, сонымен қатар қазіргі таңдағы кәсіби әдіскерлерді дайындау мазмұнына кіруі шарт.
Осылайша әдіскер қызметінің мынадай формаларын ажыратуға болады:
1. Білімділік – технологиялық
2. Зерттеушілік
3. Ендірушілік
4. Ақпараттық
5. Кеңес берушіілік
6. Сараптамалық
7. Жобалаушылық
Білімділік – технологиялық қызмет – бұл басқа білім беру саласы мамандары шеше алмайтын арнайы қызмет әрекеті. Бұл әрекеттің мәні мынада- әдіскер педагогикалық технологиялар мен білім беру үдерісіндегі басшылыққа алынған жайттардың бәрінен хабардар болады. Осылайша әдіскер өз білімін жетілдірумен қатар өзгені де қамтиды.
Зерттеушілік қызметі – бұл қызмет білім беру ұйымдары жетекшілері мен педагогтары кезіктірген қиындықтардан туындап отыр. Инновациялық әрекетке қосылған олар өздерінің педагогикалық жұмыстары мен ұжым жұмысына талдау жасау қажеттігін;
Сондай ақ, білім беру ұйымын дамыту идеясы мен оны жүзеге асыру формаларын іздеу қажеттігін түсінді.
Зерттеушілік қызмет 3 бағытта жүргізілуі мүмкін:
 Теориялық зерттеулер
 Ғылыми практикалық немесе тәжірибе –эксперименттік зерттеулер
 Әдістемелік құралдар мен іс-тәжірибеге бағытталған зерттеулер
Ендірушілік қызметі – білім беру жүйесіне еніп жатқан жаңа инновациялық технологиялары мен педагогтардың жемісті еңбегінің арқасында пайда болған озат тәжірибелерді тарату, білім беру үдерісіне ендіру керектігінен туындап отыр.
Ақпараттық қызмет – жаңаша ақпараттық құралдар мен интернет жүйесі арқылы жүргізілетін мұғалімдер жұмысын ұйымдастару. Оларға қарапайым күнделікті сабақ презентацияларын жасау мен интераактивті тақтадан бастап, онлайн сабақ, интернет олимпиадалар мен байқаулар, электронды жүйе мен электронды үкіметке дейінгі қасалатын жұмыстар.
Сараптамалық қызмет – мектептердегі инновациялық әрекет нәтижесінде сараптама жасауды талап ететін жұмыстар көбейіп отыр. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан сапалы өсуге талпынысы, олардың біліктілік аттестациясы жұмысын бағалау критерилеріне де мұқият түзетулер жасауды талап етіп отыр. Бұл туралы Елбасымыз биылғы жылғы Жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет» делінген. Осы орайда әдіскер қызметі маңызды роль атқарады. Ол критерилер құратырушы. Осылайша әдіскерлік қызметтің сараптамалық деп аталатын түрі қалыптасты. Бiлiм берудегі әлеуметтік тапсырысты, шағын аудан тұрғындарының қажеттiлiктерiн зерделейді, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының жай-күйін, оның нәтижелiгiн талдайды. Авторлық, байқау оқулықтары мен бағдарламаларын, оқыту технологияларын, оқу-әдістемелік құралдарды сараптауға қатысады.
Талдау-диагностикалау әрекетін жүзеге асырады; оқу үрдiсi сипатының әлеуметтік тапсырысқа, мектептiң даму тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоспарланған нәтижеге сәйкестiгiн анықтайды, басқару жүйесiнiң ықпалының деңгейiн, оқу-тәрбие үрдiсiнiң дамуы мен сапасын анықтайды. Озат педагогикалық iс-тәжiрибенiң қалыптасуына, жинақталуына, таратылуына белсене қатысады
Кеңес берушілік қызмет – мұғалімдердің сапалы сабақ беру, өз жұмысын жүйелі ұйымдастыру қажеттілігінен туындайды. Әсіресе жас мамандарға әзістемелік көмек беруде әдіскердің білімділігі мен технологиялық «қарулану» қызметі сипатталады. Әдіскер жас мамандарды ғана емес әр ұстазды 45 минуттық сабаққа 5 қаруы сай батырдай даярлықта болуға және өз білімін қой іздеген «аш қасқырдай» талаппен жетілдіріп отыруына ықпал етуі тиіс.Сонымен қатар, педагог-қызметкерлердiң ғылыми-зерттеу мен тәжiрибе-сынақ жұмыстарына жетекшiлiк етеді: зерттеу мәселесі және өз бетімен бiлiм көтеру тақырыптары бойынша кеңестер береді. Ғылыми - әдiстемелiк кеңес жұмысына жетекшiлiк етеді, педагогтардың шығармашылық пен инновациялық бағытта жұмыс iстеуiне жағдай туғызады. Педагогтардың ғылыми-әдiстемелiк жұмысын ұйымдастырып, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмысын ұйымдастырады. Аттестациялық комиссия жұмысына қатысады және жетекшiлiк етеді.
Жобалаушылық қызметі мектеп жұмысын жоспарлау мен бағдарлау кезінде көрініс табады. Олар мектеп директорымен мектептің кешендi - мақсатты даму бағдарламасын, ғылыми-әдiстемелiк және эксперименттік жұмыстардың жоспарын, бiлiм беру мекемесiнiң моделі мен оның құрамдас жүйесін жасауға қатысады.
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында «Жаңғырту үдерістерінің табыстылығы көп жағдайда оның қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болады» » делінген.сол сияқты әдіскердің жұмыснды ұстанатын қағидалар да осы қағидаттарға ұқсас.
Біріншіден, бұл ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ қағидаты.
Екіншіден, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК қағидаты.
Үшіншіден, ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫСУ қағидаты.
Төртіншіден, ЫНТАЛАНДЫРУ қағидаты.
Бесіншіден, КӘСІБИЛІК қағидаты.

Яғни, әдіскер ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ қағидаты, бұл әдіскер жұмысын білім беру жүйесінің бағдарламалары ен стандарттарына сай жұмыс жасау керек.

Екіншіден, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК қағидатына сәйкес мектептегі оқу тәрбие процесінің жемісті болуына әкімшілікпен қатар, ұстаздардың барлығы мүдделі болуы керек.

Үшіншіден, ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫСУ қағидаты бойынша мұғалім мен әдіскер, оқушы мен әдіскер арасында тығыз байланыс орнап, тепе-теңдікті қамтамасыз ету.

Төртіншіден, ЫНТАЛАНДЫРУ қағидатына сәйкес мектеп әкімшілігі мен әдіскер әр мұғалімнің жемісті еңбегін атап өтіп, оқу тәрбие үдерісіне қосқан сүбелі үлесін жариялап, елеп ескеріп отыруы қажет.

Бесіншіден, КӘСІБИЛІК қағидаты бойынша барлық жүргізілетін іс-шаралар мен қабылданатын шешімдер егжей-тегжейлі есептеліп, білім беру заңдары аясында, стандарттар негізінде жүргізілуі тиіс.Әр мұғалімнің сабағы технологиядар еержелері мен талаптарына сәйкес кәсіби сапалы болуы шарт.
Осы аталған ұстанымдарды ескерген жағдайда ғана әдістемелік жұмыс нәтижесі болары белгілі.

Қорыта айтқанда, әдіскер жұмысы мен педагогикалық ұжым мүшелері арасында үйлесімді, ынтымақтасты ахуал орнаған уақытта еңбегіміз жемісті болары рас. Әдіскердің әр жұмысына қарап оған былай деп баға беруге болады:
Ә - әрқашан әділетті әріптес
Д - даралықты дәріптеуге дайын
І - ізгі істерді ілгерілетуші
С –сабақтардың сапасын сынаушы
К - кемел келешекті көркейтуші
Е - еңбекті елеп ескеруші
Р – расында риясыз риза

Пайдаланылған материалдар:
1. Елбасымыздың “Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” жолдауы
2. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы
3. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. Жарқынбеков С.Д. Сманқұлов Ж.Е. «ХХІ ғасыр мұғалімі» Алматы. 2006ж
5. «Білім шапағаты» газеті 10.08.2012 ж Н.Ескендіров «Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін үздіксіз дамыту үдерісі»
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1355 | Қосты: Балгалиева_Айгуль | Ілмек сөздер: йымдары, беру, білім | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Март 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 25
Қонақтар: 25
Тіркелгендер: 0