Сайт учителя начальных классов
.
Білім-асыл қазына

Білім-асыл қазына

УДК 37.022

Білім-асыл қазына

Жұмабаева С. Б, Әбибуллаева А.Н

Ы. Алтынсарин атындағы

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты. Арқалық қаласы, Қазақстан

В статье рассматривается новые взгляды в будущее

In article it is considered new views in the future

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбие-леу керек. Белгілі қайраткер Жак Делордың "Образование: необходимая утопия" атты мақаласының негізгі бағыты міне осыларды ұстана отырып төмендегідей бағыттарды нақтылау:

• болашшаққа деген асулар

• қарама-қайшылықты жеңу

• біздің ортақ болашағымызды көру және тұрғызу

• қоғам үшін басты мәселе –білім, біліммен ғұмырымыздың соңына дейн айналысу

• жаңа концепциялар мен білімнің әртүрлі сатысындағы байланыс

• реформа стратегияларының сәтті жүзеге асуы

• халықаралық бірлестікпен бүкіл ғаламшарларды жаулап алу –болды.

Жак Делор өз еңбегінде "Болашақтың бізге қояр көптеген мәселлелердің ал-дында БІЛІМ тұр, ол адамның мінсіз әлемге, бостандыққа, әлеуметтік әді-леттілікке ұмтылуына мүмкіндік беретін қажетті шарт болып табылады."  деген. Саяси қайраткердің айтуынша "Білім- өз қоғамымызға тартатын бала-ларға, жастарға деген махаббат ". Яғни жастарға тек қана білім беріп қоймай оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қабылдай білуіміз керек. Әр адам өз ісін бар ынта жігерімен махаббатымен орындап болшаққа деген шынайы көз қа-расы болуы керек. Міне сондықтан да қазіргі таңда білім беруде ақпаратты технология элементтерін, электронды оқулықтар, бағдарлмалар, иллюстра-тивті дидактикалық электрондық материалдарды қолдану қажетті. Себебі: Жак Делор жүзжылдықтың соңғы ширегінде кей елдерде ғылыми жаңашыл-дықтардың бар екендігін айтып өткен. Біздің Қазақ елі дамыған 50 елдің қа-тарына кіру үшін ғылымы, білімі мықты болуы тиіс. Ол үшін біз қарама қай-шылықты жеңіуіміз керек. Қазіргі таңда еліміздегі дүбірлі өзгерістер қоғам-дық өмірдің салаларында,соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан игі шаралар шығаратын даңғыл жол ашты. Білім беру саласында жаңаша көз-қарас,жаңаша серпін,жаңа қарым-қатынас орнап,жаңа оқу кешендеріне көшу, жаңаша ойлау қалыптасты[1]. Осыған орай барлық буындағы оқу орында-рында оқыту үрдісін жаңаша технологияландыру мәселесі қойылып отыр. Себебі оқу үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану білім сапасының артыруына әкеледі. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісі-нен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен іздеуіне, компьютерлік сауатты-лықтарына жол ашады. Алған білімдерін өмірде қолдана біледі.

Білімнің міндетіне - барлығына өз қабілеттерін және өзіне барлық шы-ғармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру, яғни әркімнің өз жеке жос-парларын жүзеге асыру мүмкіндігі жатады.

Білімнің мақсаты – басқармалы болып табылады. Көп уақыт пен еңбекті қажет ететін білімнің жетістігі – барынша адами және әділетті әлемнің пайда болуына негізгі үлесі болады.

Жак Делордың айтуынша мұғалімнің міндеті – адамзаттың өзі жайлы, табиғат туралы, ойлап табу және шығармашылық саласындағы негізгі жетіс-тіктері жайлы өзіне білім ретінде жинағандарының бәрін оқушыға беру.
Өмірінің аяғына дейінгі білім- бұл қоғам үшін ең басты мәселе болады. Бүкіл өмірге жетерлік білім концепциясы ХХІ ғасырдың табалдырығында маңызды мәне ие болады. Ол бастапқы білім мен үздіксіз білімнің арасындағы дәстүр-лі айырмашылық шектеуінен шығып кетеді. Ол өзгерістері өте тез болатын әлемнің бізге тастаған сынына жауап болып табылады. Ең алдымен білімді ала білуге үйрену керек. Дегенмен ғылыми прогреспен және жаңа экономика-лық формалармен және әлеуметтік іскерлікпен байланысты жылдам өзгеріс-терді ескерсек , онда кең ортақ мәдени білімімізді тәртіптің шектелген саны-ның тереңдетілу мүмкіндігімен сәйкестендіруіміз керек. Ортақ мәдени дәреже кейбір түрде үздіксіз білімнің бастауы болып табылады, сонымен қатар бүкіл өмір соңына дейін оқуға қажетті негіз болып табылады

Нақты ақпаратқа сүйенген мәлеметтер мен дәлелдерді алу қоғам дамуының дәуіріндедегі білім – әрбір адамға осы ақпаратты пайдалануына мүмкіндік беретін, жинағанын, іріктемесін, реттілігін, басқаруын және пайдалануына мүмкіндік беру.Осылай білім–жетілген жетістіктерді, негізгі білімдерді, адам еңбектерінің жемісін шеттетпей қоғамдағы осы өзгерістерге үнемі үйренісіп отыруы керек - деп Жак Делор өз баяндамасында айтып өткен.
Жак Делор ЮНЕСКО-ны сапалы білім беру қызметіне жаңа ақпараттық тех-нологиялардың жақсы даму бірлестігіне маңызды рөл атқаруына шақырды. Кең мағынада ЮНЕСКО адамдар арасында білімнің келісім құралы ретінде, болашақ ұрпақ қамы үшін біздің планетамызға айналатын бір ауылдың тұр-ғындары секілді бірге тұруға үйренуге кепіл болатын білімнің дамуына бір-лестік ететін жолмен бейбітшілік пен келісім қызметін атқарады. Жак Делордың айтуынша ақын Лафонтэна өз шығармасында «Біздің әкеміз ақылды болатын, өлер алдында ол нағыз асыл қазына – білім деп айтып кеткен» деп ой тұжырымдады

Міне сондықтан да сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға болады:

1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;

3. Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;

4. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

5. Өз бетінше ізденуге үйрету және коппьютерлік сауатылыққа тәрбиелеу;

6. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Мектеп курсында, жоғарғы оқу орнында ақпараттық технологияны пайдаланбау, жаңашылдыққа мойын бұрмау болашақ педагог мамандарды соқыр қылып тәрбиелеумен тең. Әлем ғалымдарының, философтардың, педа-гогтардың тіпті міне саяси қайраткердің де тұжырымы осы жаңашыл көзқа-рас, білім, сауаттылыққа келіп тоғысады. Кейбір оқушыларда физиканың бөлімдеріндегі құбылысты, процесті тереңірек түсінуге ойлау, ойлану дағды-лары қалыптаспаған.Осындай ситуацияларда оқушыға қазіргі заманғы оқыту-дың техникалық құралы көмекке келеді. Мысалы 7 сыныптың «Планеталар қозғалысы» «Күннің жылдық қозғалысы» тақырыптарын өткенде электрон-ды оқулық, презентациялар, видеофильмдермен қатар интернет желісінен Архангельск облысы, Плесецк космодромынан 2009 жылдың 30 қаңтарында 16:30 ұшырылған «Кронас-Фотон» Ресей спутнигінде орналасқан «Тесис» (TESIS)- Күнді зерттеуге арналған ғарыштық телескоптар жиынтығынан бүгінгі күнгі мағлұматтарды алып түсіндіруге болады. Аталған телескоптан Күндегі дақтарды, Күннің магниттік дауылдарының болу ықтималдығын, Күн белсенділігінің индекстерін, Күннің радиошашырау шамасын, Күннің жаңа түсірілген бейнесін, Күндегі шашыраулардың мәндерін алуға болады.

Бұдан оқушылардың астрономияға деген қызығушылығы ғана арта қоймай оқушының қазіргі таңдағы техниканың дамуы, онлайн мүмкін-діктерді көре алады. Жалпы физика, астрономия адамзаттың тарихында ерекше маңызды роль атқаратын ғылымның бірі. Физика арқылы оқушылар табиғаттағы сан қырлы құбылыстардың сипатын қарастырса, астрономияда-аспан шырақтарының, олардың жүйелерінің қозғалыстарын, физикалық құрылымын, олар-дың және тұтас әлемнің пайда болуы мен эволюциясын оқып үйренеді. Интернет желісінде оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білі-мін жетілдіре түсетіні сөзсіз. Күнделікті табиғатта, аспан әлемінде болып жатқан құбылыстарды тамашалау өте қызықты да керек. Қазіргі студент ол болашақ жастарды оқытып тәрбиелейтін маман. Жалпы оқу үрдісінде жаңа ақпараттарды пайдаланып сабақ беру қазіргі таңдағы әр оқытушының міндеті деп білем. Міне осындай аспан әлеміндегі құбылыстар-ды тек айтып қана қоймай, түсіндіру барысында олардың қозғалысын элек-тронды оқулық көмегі және интернет желісіндегі тамаша жаңа ақпараттарды пайдалану сабақтың қызықты да сапалы тындаушыға түсінікті болатыны анық.

Жак Делор білім жүйесін тек қана жақсы дайындалған ұстаз- мұғалім-дермен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар мектепте экономкалық- мәдени ортаны құрайтын қажетті құралдармер: кітаптармен, байланыстың заманауи құралдарымен қамтамасыз етуге шақырады. Жалпы ой тұжырым ретінде Жак Делордың білім саласындағы саясатын белгілі дәрежедегі білім байытуды, икемділіктегі тұрақты үрдістер және тұлғаны қалыптастыру, жеке адамдар, топтар және халықтар арасындағы қатынастарды қалыптастыру үрдісі ретінде қарау керек. Өз мамандығында жетелу керек, кең мағынада кез-келген жағдайларды шеше алуға мүмкіндік беретен икемділікке ие болу керек-деген пікірін айтқым келеді. Басқа сөзбен айтқанда Білім – балаларды ашатын және басқа адамдармен өзара қарым-қатынасын байытатын, білімнің негізі мен қабілеттерін игеретін әлеуметтік сипаттамасын атқарады.

ID: 17 | Просмотров: 3035

29/Окт/2014