Басты бет » 2015 » Январь » 30 » Бастауыштың бағбаны.
19:01
Бастауыштың бағбаны.
загрузка...

Бастауыштың бағбаны.

        Ұстаз ...    Бұл – әркімге етене жақын көңілге ыстық сөз. Ұстаз дегенде көз алдымызға Отанымыздың әр түпкірінде қажымай, талмай еңбек етіп, ел құрметіне бөленіп жүрген абзал адамдар  бейнесі елестейді. Солардың бірі – Алматы облысы  Сарқан  ауданы  Қарауылтөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  Жексембекова Сандуғаш Назымбекқызы. 1981 жылдан бастап  осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді.

«Ұстаздық жолдың  қиыны мен қызығы мол екені даусыз. Әрбір шәкірттің жүрегіне жол тауып, білім сусындата білген ұстаз ғана өз ісінің шебері. Үлгілі шәкірт, жаңа заман талаптарына жауап   бере алатындай ұрпақты тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті болып табылады.   34-жыл бойы ұстаздық қызмет атқарып, мыңдаған балалардың зейінін дамытып, болашақ ұрпақтың білімді, кемелді болып өсуі жолында тынбай еңбек етіп келеді. Шәкірттерінің  жеткен жетістіктеріне бірге қуанып, өмірдегі өз орындарын тауып жатса, еліміздің өркендеуіне септігін тигізер үлкен азамат болса, оларды мақтан тұтып, келешек ұрпаққа үлгі етіп отырады. Өзінің қажырлы еңбегі мен ізденісінің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Қоғамдық  жұмыстарға белсене қатысып, ұжымдағы әр қызметкердің қасынан табылып, қол ұшын беруден аянбайтын жан.  1-ші сыныптан бастап 4-ші сыныпқа шығарып салған сыныптарындағы оқушылар тәртіпті, білімді, өнерлі екеніне сан көзіміз жетті. Балалары көптеген аудандық, облыстық, республикалық жарыс түрлеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болған.  Ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста болып, ата-аналар жиналысына, мектепішілік мерекелердің үнемі бел ортасында жүреді. Оның бітірткен оқушылары шетінен биші, әнші, әзіл қоюшы болып шығады. Одан оқыған оқушылардың көбі жоғарғы оқу орнын оқып, бітіріп қызмет істеуде. Шәкіртсіз ұстаз - тұл демекші Сандуғаш апайдың ұстаздық жолын жалғастырған шәкірттері де аз емес. Олар Көпбаев Сатбай, Таласбаев Алмас Қарауылтөбе орта мектебінде ұстаздық етсе, Мусабекова Гульмира Сарқан қаласындағы Островский мектебінде математика пәнінен сабақ береді, Мусабеков Нуркен Алмалы ауылында Новапакровка орта мектебінде математикадан сабақ береді, Серикбаев Ғазиз Сарқан қаласында спорт мектебінде директорлық қызмет атқарады. Шәкірттері Қабидолданова Жанар, Сақбекова Әдемі «Алтын белгі» иегері атанды. Қабидолданова Жанар,Мусабекова Гульмира, Сақбекова Әдемі сияқты шәкірттері «Грант иегері» атанып еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқуларын жалғастырып жатыр.  « Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жанында сақтайтын алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен өнерге- білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек » деген Әбу Насыр әл-Фарабидің  сөзін өзбойынан көрсете білген Сандуғаш апайдың мектепішілік, аудан, облыс білім басшыларынан алған мадақтау грамоталары, дипломдары мен алғыс хаттары қаншама.  «Үздік бастауыш сынып мұғалімі » байқауларының жүлдегері. Аудандық білім бөлімінің «Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі » еңбегі үшін бірнеше рет марапатталған. Дарынды оқушыларды шығармашылыққа баулу жолындағы ізденістері де бар. Оқушылары «Кенгуру», «Ақбота» интеллектуалдық марафондарына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сандуғаш апай өзінің талай жылғы еңбек тәжірибесінен жинақталған озық әдіс-тәсілдерін тарату мақсатында облыстық, аудандық семинарға қатысып, жаңашыл әдісін әріптестер талқысына салып, оның тиімділігін дәлелдеген. Оқушылардың әрбір жақсылығын өзінің бақытына балайтын тағылымды ұстазды әріптестері де қадір тұтады. «Адам мың жасамайды, ұрпақ мың жасайды, адам баласы ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен келешегімен кемел» десек Сандуғаш Назымбекқызы да асыл жар, аяулы ана, мейірімді әже. Жолдасы  Дүйсенбеков Қайрат  Бектасұлы Ауған соғысының ардагері. Үлкен ұлы Азат Алматы қаласындағы Көлік және Коммуникация Академиясын мұнай өндіру инженериясы факультетін бітіріп Ақтау қаласында қызмет істейді. Кенже ұлы Мадияр Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 2-ші курс студенті.   « Мұғалім  ең жауапты міндетті орындайды ол адамды қалыптастырады» -деп дана халқымыз ой түйгендей, қазыргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар орта мектептің де қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезіне өтуге бағытталған. Ал бұл әрекеттің жоғары дәрежеде орындалуы ең алдымен мектептің беделді ұстаздарының үлгі көрсетуі мен, іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. Шәкірттің ой санасына біліммен өрнек өріп, қажымай-талмай еңбек етіп жүрген білімді де шығармашыл ұстаз Сандуғаш  Назымбекқызының бүгінгі жеткен жетістігі мен асқан асулары, өмірлік тәжірибесі, жылдар бойғы еңбегінің жемісі жастарға өнеге екені, озық болып қалатыны сөзсіз.Ендеше , біз де мектеп ұжымы тарапынан Сандуғаш Назымбекқызына әрдайым еңбегіңіз жанып денсаулығыңыз мықты болып, мемлекетіміздің білімді де білікті жастарының көбейе беруіне қосар үлесіңіз мол болсын демекпіз.

          Қар

Қар жауады жапалақтап,

Айналаның бәрі аппақ.

Жапалақ қар себелеп,

Секілді көп көбелек.

                 Қарауылтөбе орта мектебінің

                 1-ші сынып оқушысы

                 Тоқтасын Айерке.

 

         Қыс.

Қыс келді деп қуанам,

Шана теуіп, ән салам.

Асыр салам, би билеп,

Жаңа жылға мен барам.

         Қарауылтөбе орта мектебінің

         1-ші      сынып оқушысы

         Абикен Айымгул.

 

         Қыс.

Айналамыз ақ мамық,

Ойнап жүрміз шаттанып.

Жауып жатыр ақша қар,

Мәз-мәйрам ғой балалар.

              Қарауылтөбе орта мектебінің

              1-ші сынып оқушысы

              Құрманғалиқызы Гүлім

             

             Ұстаз

Әліппені аштырды,

Әріптермен дос қылды.

Сандарды да қостырды,

Алға бізді бастырды.

Жақсыларды қолдайды,

Жамандықтан қорғайды,

Сабағынан апайдын,

«Бес» алмасақ болмайды.

      Жұмаханқызы Мерей

      Қарауылтөбе орта мектебінің

      4-сынып оқушысы.

 

            Анашым

Ана-біздің гүліміз

Жүректегі үніміз.

Орындауға парызды

Тиістіміз мұны біз.

Қамын ойлап баланың

Түн ұйқысын бұзады

Ауырса да баланың

Қамын ойлап шығады.

      Жұмаханқызы Мерей

      Қарауылтөбе орта мектебінің

      4-сынып оқушысы.

loading...

Авторы:

Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1080 | Қосты: Айтжанова_Алия | Ілмек сөздер: Бастауыштың, бағбаны. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 97
Қонақтар: 96
Тіркелгендер: 1
sayorochka77