Сайт учителя начальных классов
.
Бастауышсыныптарда оқытудың жаңа технологиясын пайдалану тәжірибемнен

Бастауышсыныптарда оқытудың жаңа технологиясын пайдалану тәжірибемнен

Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын пайдалану тәжірибемнен.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы ұрпақ тәрбиелеу.Мұғалім тек тәрбиелеуші ғана емес,пән маманы. Оқушыны тәрбиелей жүре, өз пәнін оқушы бойына сіңіруші,дарытушы. Әрине, тәрбиелеуші, сіңіруші, дарытушы деп айту оңай. Ал соның бәрін атқару үшін үлкен құнт, ұқыптылық, күш-қайрат, талап, жігер, еңбек керек.
«Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.Педагогикалық технология – қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, оқудың жаңа мазмұн, әдіс – амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық - педагогикалық жиынтығы. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж. Қараевтың «Әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын» жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданып келеміз.
Ж. Қараев технологиясының жеткен жетістігі, ол оқушыны мәжбүрлеп оқытуды емес, оқушы ақпаратты өз бетінше іздеуге, ешкімнің көмегінсіз шешім қабылдауға дағдыландырады. Бастауыш сыныптарда оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдаланып ойын жинақтап, сұраққа дұрыс жауап беруге және шешен сөйлеуге қалыптасады.
Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі, әр оқушының ой - өрісі кеңейеді және білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейге жұмыс жасай алатынында.

Бірінші деңгей: тапсырмалары жалпыға бірдей стандартты білім негізінде беріледі, яғни білімнің минимальды шегі, бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады. Бірінші деңгейдің тапсырмалары алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықтағы бар мәселелерге байланысты құрылады. Бұл сұрақтар көп ойлануды, ізденуді талап етпейді. Сондықтан олар жедел түрде тапсырманы орындай алады.

Екінші деңгей: кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өзі ізденіп, мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды. Оқушылар алгоритмдік сатыға көтерілгенде қозғалыс түрлерін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып талдауға көшеді.

Үшінші деңгей: оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстарын жүргізеді. Эвристикалық (танымдық - іздену) сатының ерекшелігі - оқушылар қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып белгілі бір мәселеге дұрыс жауап бере білуге дағдыланады. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

Төртінші деңгей: қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты, яғни оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен түрлі тапсырмалар орындайды.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
Менің мұғалім болудағы мақсатым-мемлекетіміздің кірпіші қаланып, Отанның өркендеуіне ат салысатын жәнеде терең біліммен қаруланып, ғылыммен техниканың қыр-сырын меңгерген, әлемдік құндылықтарды бойына сіңірген рухы биік, еліміздің дамуына бірден-бір үлес қосатын тәрбиелі ұрпаққа білім беру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
- Күнделікті сабақтарға тыңғылықты дайындықпен келу;
- Әр оқушымның іс-әрекетін көзімнен таса қылмай, дер кезінде бағыт бағдар беру;
- Оқушыларымның білім деңгейін әрдайым салыстырып, алға жетелеу;
- Өз білімімді үнемі жетілдіріп, заман талабына сай жаңашаландырып отыру;
Және мен мақсатқа жету үшін өзіме проблемалық – шығармашылық тақырып таңдадым. Сабақ жүру үрдісінде Ж. Қараевтың деңгейлеп саралау әдісін қолданып оқушының ой-өрісін көтеріп, сөздік қорын молайту,ойлау қабілетін дамыту әдісін пайдаланып, оқушыларға топтық тапсырмалар беремін.
Оқушыларымның қаншалықты дәрежеде оқитынын білемін, күнделікті сабақтағы тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне қарай жеңіл деңгейде, стандарт деңгейде, күрделі деңгейде орындатамын. Жеңіл деңгейде нашар оқитын оқушылармен, күрделі деңгейде дарынды оқушылармен жұмыс алып барамын. Сонымен қатар ашық сабақтар және оқушыларға тәрбиелік маңызы зор тәрбие сағаттар өткізіп келемін. Мысалы: «Түлік туралы сабақ», «Зат есім», «Ана құшағында» тақырыбындағы ашық сабақтарым, «Әдептілік-әдемілік», «Достық түбі адалдық», «Салт - дәстүр бас қазынам»,«Дені сау ұрпақ - ел болашағы» атты ашық тәрбие сағаттарын өттім. 2012 жылы «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі» республикалық ғылыми журналының №5 санында Ә.Табылдиев «Дақылдар әні» атты мақалам жарияланды. Бұдан басқа да, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып шараларды өте мазмұнды, жүйелі түрде өтемін. Шәкірттерім мектепішілік, аудандық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. 2011 - 2012 оқу жылында аудандық «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз»атты байқауда Сапарова Гүлнұр жүлделі 1- орынға, 2013-2014 оқу жылында аудандық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсында жүлделі 2-орынға ие болды.Осы жылдың сәуір айында 4-сыныптар арасында өткізілген аудандық семинарда Қ. Сағабаевтың «Нан туралы өлең» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.
Сонымен қатар мектеп ұжымында өтетін әртүрлі шараларға коғамдық жұмыстарға қатысамын. 2013-2014 оқу жылында аудандық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жоба конкурсына оқушы дайындағаным үшін арнайы сертификатпен, мектепішілік «Еліміздің болашағы жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруде қосқан үлесі үшін» мадақтау грамотасымен, мектепішілік«Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2014» байқауында бас жүлде, «Үздік сынып жетекшісі-2014» байқауында I орын иегері атандым. «Тәрбие сағаттарында жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы» атты мектепішілік семинарда «Ана-өмірдің гүлі» атты ашық тәрбие сағатын өткіздім.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын пайдалану арқылы оқушының ақыл - ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады.
Жаңа технологияны пайдалану оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Сөзімнің соңында ертеңгі болашағымыз бүгінгі жастардыбілімді,ұлтжанды, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын азаматтарды тәрбиелеуге ат салысамын деп нық сезіммен айта аламын.

ID: 424 | Просмотров: 2789

30/Апр/2015