Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Бастауыш мектеп мұғалімі – ерекше тұлға. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, себебі ол еңбектің жемісі – адам. Мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматының болашағын, оның тағдырын табыс етеді. Бүгінгі мұғалім еңбегі қандай болса, ертеңгі болашағымыз да сондай болмақ.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр»,-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік, ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Мұғалім әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетіәк білген әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамдағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі бола білуі керек.
Білім беру мен тәрбиелеудің негізі – ұстаз. Қазіргі таңда шығармашылық ізденістегі педагогикалық жаңа әдістерді жете меңгерген, кәсібилікке қалыптасқан педагог қажет.
ХХI ғасырдың ұстазы жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан дүниесі бай, ұлттық мемлеектшілдігі

Автор: Нурпейсова Бану Елеусиновна

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент орта мектебі

18
Декабрь
0
1712

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.