Сайт учителя начальных классов
.
«Қазақстан Республикасындағы тіл жөніндегі саяси мәліметтер».

«Қазақстан Республикасындағы тіл жөніндегі саяси мәліметтер».

«Қазақстан Республикасындағы тіл жөніндегі саяси мәліметтер».

Сөзін түзеген жұрттың өзі түзеледі, бойы биіктейді,ырысы молаяды.
Тіл-сырттай қарағанда бір жапырақ ет қана.Алайда ақиқатына жүгінетін болсақ,онда көптеген мәселелердің түйіні жатыр.Өмірге келген,келмеген нәрселердің көбісіне себепкер-тіл.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тіл туралы заңын» іс жүзіне асыруға бағытталып отырғандықтан,қазір еліміз мемлекеттік тілді оқып-үйрену мәселесіне көп көңіл аударуда.Мемлекетіміз тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында бізге,қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне,жауапты іс,келешек ұрпаққа мемлекеттіктілді үйрету ісі тапсырылып отыр.Мемлекеттік тілдің беделін көтеру қазақ тілі пәні мұғалімінің басты міндеті.
Өзбек ұлттық мәдени орталығының төрағасы Хашимжанов: «Оңтүстік Қазақстан облысының зиялы қауымы мемлекеттік тілді меңгеруге өзге халықтарға жағдай жасап жатқаны белгілі.Енді оны одан әрі жандандыра түсу қажет.Сонда басқа ұлт өкілдері қазақ тілін кең үйретуге жол ашады десе.
Еобасымыздың биылғы Жолдауының жөні бөлек,жосығы ерек.Оны жасампаздық жолдауы,халыққа жақындай түскен,тілге,мәдениетке,өнерге,әдебиетке,күллі руханиятқа ерекше етене Жолдау деп өте орынды айтып та,,жазып та жатыр.Мәселен тіл туралы былай деді:
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі-еліміздің мемлекеттік тілін одан әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек деді.
Ұлтымыздың ұйытқысы Оңтүстікте оңды өзгерістер аз емес.
Сөз соңында айтарым,тіл мәселесі-бәрімізге ортақ іс.Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады демекпін.

ID: 227 | Просмотров: 2189

14/Фев/2015