Басты бет » 2015 » Март » 2 » Қазақ хандығының құрылуы
00:19
Қазақ хандығының құрылуы
загрузка...
Осыдан бес ғасырдан астам уақыт бұрын Көк орда билеушісі Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартып ,Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы атты қоныста дербес хандықтың туын көтерді.Еркіндік аңсаған елін азаттық ұранымен жігерлендірген батыр бабаларымыз Керей мен Жәнібек жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялап ,жаңғырған қазақ этносының атауын алған тарихта тұңғыш тәуелсіз Қазақ хандығын құрды.Атақты тарихшы Мұхамед –Хайдар Дулатидің қалдырған нақты деректеріне сүйене отырып,тарихшы ғалымдарымыз Қазақ хандығының құрылған кезі 1465 жылы болғанын белгіледі.
Неге 1465 деген датаға тоқталдық :Ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» деген кітабында Керей ханның Шу бойына көшкен уақыты ретінде Хижра жыл санауымен дәл осы жыл көрсетілген. «Дәл дұрысын Алла біледі» деген де сөзі бар. Бұл бекер емес, себебі мемлекеттің құрылуы, қалыптасуы бір жылда жүзеге аса қоймайды, ол кемінде 15-20 жылға созылуы мүмкін. Ал Керей мен Жәнібек хандардың көшкен жылы біздің қазіргі күнтізбеміз бойынша 1465 жылмен тұспа-тұс келеді.
Тарихшылар Жәнібек пен Керейдің әскері Әбілхайыр ханның қолымен кездесіп, үш күн бойы бетпе-бет тұрғанын айтады. Сосын соғыспай кейін шегінісіп кетеді. Тарихшылар соғыстың болмауын Әбілхайыр ханның ауырып қалғанымен байланыстырады. Оның науқасқа шалдыққаны рас. Бірақ соғыспағандарының басқа себебі бар. Шын мәнісінде екі жақтағы әскер де найман, қыпшақ, қоңырат сияқты қазақты этнос ретінде құрап тұрған тайпалардан жасақталған еді. Династиялық соғысқа екі жақтың да әскері қатысқысы келмеген деп топшылаймын.
Тойнбидің керемет сөзі бар. Ол «Ақсақ Темір ұлы қолбасшы, мемлекет құрушы, бірақ ол жүйе құра алмады. Өзі өлгеннен кейін құрған мемлекеті қирады» дейді. Ал Керей мен Жәнібек құрған хандық 1464 жылдан 1847 жылы ең соңғы легитимді қазақ ханы Кенесары хан өлгенге дейін 4 ғасыр бойы өмір сүрді. Кеңес үкіметінің өзі 70-ақ жыл тұрды. Яғни, алғашқы қазақ хандары құрған мемлекеттің басқару жүйесі сол заманға сай болды, соның арқасында соншама үлкен территорияны биледі.
Алғашқыда Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңына еріп,қазақ болып бөлінген халықтың саны екі жүз мың адам екен.Сол заман үшін бұл санның да көп халық болғанымен,байтақ ұлысты жайлаған, қазақтардың қандастары бұдан сан есе артық болатын.Шу бойына ту тіккен жаңа хандық біраз орныққаннан соң бүкіл көк Орда жерін түгел қайтару жолындағы жорықтарын бастады.
Сонымен 1465 жылы атамекенімізде тұңғыш рет Қазақ хандығы атты тәуелсіз мемлекет дүниеге келіп,бүгінгі біртұтас қазақ халқының негізі қаланды.Қазақ ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей сұлтан ақ киізбен хан көтеріліпті.Одан кейін Жәнібек хан билік құрды.Тарих сахнасына шыққан біртұтас Қазақ мемлекетінің ұлттық ұраны –«Алаш», мемлекеттік елтаңбасы –«Төре таңба»яғни көне түрік заманынан келе жатқан бас таңба.Бас байрағы-төре таңбалы қызыл ту,Астанасы-қасиетті Түркістан қаласы болды.
Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шерлі шежіресінде жиырмадан астам хан билік құрған екен.Ел билігін қолға ұстаған бұл тарихи тұлғалардың талайым тағдырлары да сан қилы,билік құрудағы қабілеттері әр деңгейде болды.Мемлекет іргесін нығайтып,туған халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де ,елін тоздырып,дұшпанға таба қылғандары да жоқ емес.Бірақ олардың бәріне ортақ бір қасиет-өз замандарының қалыптасқан жағдайларына байланысты қал-қадірінше хандық туын жықпауға тырысты.
Көнеден келе жатқан небір тарихи деректерде бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасы алып жатқан ұлан-ғайыр аймақ ежелден-ақ қазақ халқының этникалық негізі болып табылатын қазақ тайпаларының атамекені болатын.Қазақ хандығының құрылуының қарсаңында ХІҮ-ХҮғ үйсіндер өздерінің байырғы заманнын бергі мекені -Жетісу өңірінде, дулаттар –Іле,Шу,Талас өзендерінің сағаларында ,Ыстықкөлдің оңтүстігін,Оңтүстік Қазақстандағы «Отырар жасыл алқабын»,қаңлылар Қаратау баурайын,орта Сырдария мен Жетісудың батыс бөлігін,арғындар-Ертістен батысқа қарай Орталық Қазақстанды,Сырдарияның алқаптарын және Жетісудың батысын,наймандар –Ұлытаудың Есілге дейін аймақтарда,қоңыраттар –Түркістан мен Қаратау өңірлерін ,керейлер –Тарбағатайда , Ертіс бойында ,Зайсан көлінен Ом және Тобыл өзендерінің аңғарлдарына дейін ұлан даланы жайлап жатты.
Осы орайда,халқымыз үшін еңбегі ерен,есімі қасиетті екі тұлға бар.Олар Қазақ хандығының іргесін қалаған,мызғымас мемлекет құрған,халқымыздың біртуар ұлт болып бірігуіне мұрындық болған –Керей мен Жәнібек хан.Бұл екі тұлғаны бір-бірінен ажырата бағалау артықтау болар.Екеуі де ел үшін басын бәйгеге тігіп,ұлтының ұлылығын асыруда аянбаған парасат иелері,халық сүйген перзенттері.Қазақ хандығы құрылғанда жасы үлкен Керей хандық тізгінді ұстаса ,одан кейін Жәнібек билік жүргізді.Қазақ ордасының іргеленуі мен іріленуі Жәнібек хан тұсында болған.Жаңа хандықтың мемлекеттік құрылымы мен заң жүйесі де Жәнібек заманында жүйеленіп,келер ұрпаққа мұра етілген.
Тәуелсіздік туын көтеріп,дербестігін паш еткен Қазақ хандығының атағы шығысымен-ақ Дешті Қыпшақ жұрты Әділқайыр ханның қыспағынан құтылып,бөгетін бұзған тасқын судай ағылып жаңа хандыққа қосыла бастады.Иә осы бір тағдыр тартқан тиімді жағдайды қазақ хандары Керей мен Жәнібек дер кезінде барынша пайдаланды.Олар дереу атқа қонып,өздері осыдан біраз жыл бұрын еріксіз тастап кеткен атамекені Дешті Қыпшаққа қайта оралды.Еркіндіктің қасиетті туын көтеріп,не өлу не жеңу күресіне шыққан қазақ халқының тұңғыш хандары,жаужүрек көсемдері Керей мен Жәнібек азаттық жолындағы адал күресте парасаттылықтарын таныта білген қазақ хандары бастаған істерінің ақ екендігін аз уақытта дәлелдеп,ірі табыстарға жетті.Қазақ елі мен қазіргі тәуелсіз Қазақстан халқы аспаннан түскен жоқ және ата-тегін білмейтін мәңгүрт емес.Мемлекетіміздің,халқымыздың терең ежелгі тарихы бар.Қазақстан қазақтың ата-бабаларынан қалған өзіміздің жер,халқымыздың тарихи ата-мекені бар.1456-шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып,қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп,намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып Қазақ хандығының іргесін қалағанын білеміз. Әлбетте,одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді.Үш ғасыр тарихымыз бен ар-ожданымыз табанға тапталды.Түрлі нәубетті бастан өткердік.Бірақ,мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды.Ал,Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту-сол азаттық сыйлаған бабаларға құрмет болса керек.
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1438 | Қосты: 890728400929 | Ілмек сөздер: құрылуы, хандығының, Қазақ | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Март 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5898
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 32
Қонақтар: 32
Тіркелгендер: 0