Сайт учителя начальных классов
.
Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру

Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру

Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру

(баяндама)

Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ  ұрпағының  төл келбетін қалыптастырады. Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі.

Дегенмен қазақстандық педагогикалық әдебиеттерде дәстүрлер жүйесіне ғылыми тұрғыда терең талдау, оларды тәрбиенің қуатты құралына айналдыру жеткіліксіз болып отыр. Сондай-ақ ғылыми - педагогикалық еңбектерді оқып-үйрену, мұғалімдердің іс–тәжірибесімен танысу және талдау бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық тәрбие құралдарын пайдалану көкейкесті мәселе екендігін дәлелдеп, ұлттық тәрбие құралдарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен олардың бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы қайшылық бар екендігін көрсетіп отыр. Бұл қайшылықтың шешімін табу бізге дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру» деп таңдауға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты- қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру мазмұнын анықтау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-Фарабидің [3], Ж.Баласағұнидің [4], М.Қашқаридің еңбектерінде көрініс табады. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, т.б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып көрсетілді.

Көрнекті қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев , С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев, М.Х.Балтабаев, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Б.Бөлеев, С.Ғаббасов, Қ.Қ.Шалғынбаева, Ш.М.Мұхтарова, С.Қ.Абильдина, Ж.М.Акпаров,  т.б. тың зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде халықтық педагогиканың қалыптасуы мен дамуын, оның құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.

Қазақстанда тікелей ұлттық тәрбие беру мәселесі бойынша көлемді жүргізілген зерттеулердің ішінде жеке тұлғаның ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін зерттеген К.А.Оразбекованың, болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасын ғылыми жүйеге ендірген Қ.Бөлеевтің, бастауыш сынып оқушыларына  ұлттық тәрбие беруді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеуге арналған Д.С.Ешмұратованың] зерттеулерін атап өтуге болады.

Ұлттық тәрбиенің басты құралы халық ауыз әдебиеті және дала даналарының тәлімдік өнегелері - қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарының  негізі болып табылады. Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктер сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты. Балаға сан үйретуді, тіл ширатуды, мақал-мәтел үйретуді, тақпақ жаттауды игі әдетке, одан әдепке, әдептен дәстүрге айналдырған. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негізі - ұлттық әдебиет және тәлімдік өнегелер. Қазақ халқының тілі, ділі, болмысы оның этнопедагогикалық негіздері болып табылады.

Халық ауызекі шығармашылығы халық күші мен даналығын, оның адамгершілік мұраттарын, халық педагогикасының терең сипатын жеткізетін педагогикалық кұрал болып табылатыны туралы ертедегі белгілі педагогтардың тағылымдық мұралары, салиқалы көзқарастары, білім беру саласындағы іс-тәжірибелері дәлелдеп өткен.

Алға қойылған мiндеттердiтүбегейлi шешу мақсатында бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру бойынша эксперименттiк жұмыс жүйесi (айқындау, қалыптастыру, бақылау) жүргiзiлдi. Оқушылардың ұлттық тәрбие беру оқу процесінде және сыныптан тыс уақытта тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезінде бақылаудан өтті. Ол арнайы жасалған эксперимент  жоспары бойынша жүргізіліп, тәжірибелік жұмыс 2013-2014 оқу жылында 2-ші сыныпта өткізілді. Осы мектептің тәжірибелік-экспериментке қатысқан сыныптардың біреуі - эксперименттік, біреуі бақылау сыныбы деп аталды

Айқындау экспериментiніңнегiзгi мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейін анықтау болды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімдермен, ата-аналармен, мектеп әкімшілігімен сауалнамалар, әңгiмелесулер жүргізілді, оқушыларға тест, бақылау әдiстерi, арнайы тапсырмалар жүйесi қолданылып, олардың ұлттық тәрбиелілік деңгейі нақтыланды.

Эксперименттік сыныптармен бақылау сыныптарының негізгі ерекшеліктері, бақылау сыныптарындағы оқушылардың оқыту әдіс-тәсілдері бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша, мұғалімнің қалауы бойынша ұйымдастырылды. Ал эксперименттік сыныптарға ұсынылған бағдарлама бойынша жүргізілді.

Ұйымдастырылған тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстары барысында сабақтарды өткізу нәтижесінде эксперименттік және бақылау сыныптары оқушылары деңгейін салыстырғанда, олардың білімдері бір-бірінен біршама айырмашылықтары бар екендігіне көзіміз жетті.

Қалыптастыру экспериментiнің мақсаты халық педагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру бағдарламасынсынақтан өткізу және оның тиiмдiлiгiн тексеру болды.

Тәжірибелік –эксперименттік жұмыс барысында біз бастауыш сынып оқушыларына халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасын әзірледік. Оны сайдтан көре аласыздар.(мына кесте слайдта болады)

Кесте 1

 Бастауыш сынып оқушыларына халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасы

Тәрбиелеу және білім беру блогы

Тәрбиелеу және білім беру мазмұны

1

2

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып

Тәрбиеленушілерді халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу

Шешендіксөздер

Шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, ертегілердің қойылымдарын жасап, оларды сахналаудың жеке тұлғаның қалыптасуына әсері мен ықпалы, тәрбиелік мәні ерекше. Шешендік, көркем сөздер мен мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар баланы мәнерлі, көркем сөйлеуге, шешендікке үйретеді, адамгершілікке, сұлулыққа, тапқырлыққа, еңбек сүйіспеншілікке тәрбиелейді

Ата-баба дәстүрі – ұрпақтарға өнеге

Бастауыш сынып оқуышысы тұлғасын қалыптастыруда, оны жан-жақты дамытып тәрбиелеуде үлгі-өнеге болатын ұлы ғұламалар мен хандар, билер, батырлар, классик ақын-жазушылар, ағартушылар, өнер адамдары өмірімен олардың жасаған туындыларын таныстырып, ерлік істерін үлгі ету, мақтаныш сезімдерін ояту

Әуен – саз

Музыкалық шығармалардың авторы және айтыс, терме, жыр, ұлттық би өнері туралы тәрбиеленушілерге тереңірек білім беру. Айтыс, терме, жырларды үйрету арқылы ұлттық өнерге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Кесте 1 жалғасы

 

1

2

Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер

Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлері: зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, киіз үй жабдықтары мен оның жасау-жиһаздары мен оларды өрнектеген ою-өрнек түрлерін таныстыру. Халықтың шеберлігін, ұлттық ою-өрнектерінің әсемдігін көре білуге тәрбиелеу

Ұлттықтағам

Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тағам түрлері мен оның жасалу жолдарын таныстыру, ұлттық тағам түрлері, еттен, ұннан, сүттен жасалатыны туралы түсінік беру

Табиғаттынысы

Туған жердің байлығы орман, тоғай, қорықтар мен жануарлар, құстар, өсімдіктерін таныстыру, оларға қамқор бола білуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу

Ұлттықойындар

Ұлттық ойындарды үйрету барысында баланың тілін дамыту, бір-біріне деген достық, ынтымақ, ұйымшылдық, толеранттылық, ізеттілік сияқты, қасиеттерді дамыту және батылдыққа, ұқыптылыққа, зеректілікке, төзімділікке тәрбиелеу

Имандылық-иірімдері

Туыстық қарым-қатынастар, туыстық атаулар мен жеті ата туралы түсінік беру. Айналадағы қоршаған адамдардың іс-әрекетін бағалап, жылы шырай білдіру, сыпайы сөйлеу, әдептілік сақтау, достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, бауырмалдыққа баулу, жағымсыз жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу

Осыдан кейін балалардың ұлттық тәрбиелілік деңгейін анықтау мақсатында арнайы әдістемелерді қолдану арқылы бақылау қиықтары алынды.

Бақылау эксперименті барысында бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері бойынша өлшеу жұмыстары жүргізілді, алынған нәтижелерге салыстырмалы талдаулар жасалды, халықтық педагогиканы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үшін қолдануға әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Экспериментке дейін және эксперименттен кейін бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейлерiнiңқалыптасу диаграммалары 1-2-ші суреттерде сипатталады.

Сурет 1. Эксперимент тобындағы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік көрсеткіштері

Сурет 2. Бақылау тобындағы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік көрсеткіштері

Экспериментальдық жұмыс нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің қалыптасуында  халықтық педагогика құралдарының ерекше мәнге ие болатындығын көрсетті. Ең бастысы, әрбір оқушыны табысты іс-әрекетке жеткізу үшін мұғалімнің өзі іс-әрекетін табысқа жететіндей құра білу керек. Оқушыларға дұрыс тұлғалық қатынас жасау, әрбір тәрбие жұмыстарын ізгілендіру қағидаларына негізінде құру, жүйелілікті басшылыққа алу  принциптері мұғалімнің бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру тиімділігін қамтамасыз етеді. Әрине, бұл жерде материалдық, әдістемелік, психологиялық жағдайлар да негізге алынуы қажет. 

Бастауыш сынып оқушыларына халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын эксперименттік түрде тексеру оның барлық кезеңдерінде нәтижелі екендігін, бастауыш мектепте пайдаланудың тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді.

Сонымен зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкiндiкбередi:

  1. Жалпы білім беретін орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің жай-күйін талдау зерттеліп отырған мәселенің көкейкестілігін айқындап берді. Ұлттық тәрбиенің теориялық зерттелу деңгейіне жасалынған талдау да қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымыздан ажырап қалмас үшін мектептің алғашқы сатысы - бастауыш сыныптан бастап қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын оқушылардың бойына сіңіру мәселесінің педагогика ғылымында қажеттілігі артып отырғандығын дәлелдеді.
  2. Зерттеліп отырған мәселе бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге талдау жасай келе, зерттеу нысанасының бүгінгі күнгі қойылысы, жай-күйі айқындалып, мақсат, міндеттерімізге сәйкес бастауыш сынып тұлғасын қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеуге және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге қол жеткіздік
  3. Қазақ халқының ұлы ойшылдарының, көрнекті ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің құнды ой-пікірлерін зерделеу және тақырыпқа сәйкес ғылыми еңбектерді оқып-үйрену ұлттық тәрбиенің мәнін айқындап, оның негізі халықтық педагогика екендігін анықтауға мүмкіндік берді.
  4. Адамның әрбір даму кезеңінің өзіндік ерекшелігі болады, сол сияқты бастауыш мектеп жасындағы балалардың да өзіндік даму ерекшеліктері бар. Бастауыш мектеп оқушысының ұлттық тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үшін ең алдымен оның жас және дербес ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін есепке ала отырып, ұлттық тәрбие беруді ұлттық психологияның негізгі ұстанымдарына сәйкес жүзеге асыру қажеттілігі анықталды.
  5. Бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесін сабақтар мен тәрбие жұмыстарының мазмұнын жетілдіру қажеттігін дәлелдейді.
  6. Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыс нәтижелері халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру жүйесінің тиімді екенін көрсетті.
  7. Зерттеу барысында іске асырылған шаралар жүйесі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейін арттырады. Бұл тұжырым эксперименттiк және бақылау топтарындағы ұлттық тәрбиелілік деңгейлерiн салыстырудың негiзiндежүргiзiлген эксперимент қорытындыларымен нанымды түрде дәлелдендi.
  8. Диагностикалық нәтижелер негізінде оқушылар мынадай тұрақты тұлғалық ұлттық сапаларды көрсетті: ұлттық білімге құштарлық, ұлтжандылық, ұлттық дүниетаным; ұлттық мәдениет; ұлттық сана-сезім;, ұлттық дәстүрлерге сыйлы қатынас, ұлттық мінез-құлық мәдениеті. Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларымен педагогикалық іс-әрекет барысында ұлттық тәрбие процесінің тиімді ұйымдастырылғанын нанымды түрде айғақтады.

Жасалынған қорытындылар негізінде мынадайұсыныстар айтуға болады:

- зерттеу барысында жасалған сабақтардың мазмұнын, тәрбие сағаттарының бағдарламаларын бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу мақсатында пайдаланған орынды;

- оқушыларға ұлттық тәрбие беруде халық педагогикасы құралдарын тәрбие берудің басқа құралдарымен өзара сабақтастықта және өзара бірлікте тиімді пайдалану қажет;

- оқу пәндерінің мазмұнына халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру идеялары мен бағыттарын белсенді енгізген жөн;

- бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыру барысында ұлттық психологияның ерекшеліктеріне баса назар аударған жөн.

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес. Халық педагогикасының мазмұны арқылы арқылы оқушыларға этномәдени білім беру, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мәселелерін зерттеу келешектің ісі болып табылады.

Жүктеу

ID: 169 | Просмотров: 3954

29/Янв/2015