Сайт учителя начальных классов
.
АУЫЛДА

АУЫЛДА

Атырау қаласындағы
Ш.Уәлиханов атындағы №9орта мектебінің
3 «а» сынып оқушысы
Адилова Зульфинаның конкурсқа
шығарма жұмысы

Ауылда
Мен ауылға бардым.Әжем мен атам мені құшақ жая қарсы алды. Ауылдың табиғаты ның ерекшелігін айтсаңшы, шіркін! Ауасының тазалығы сонша,жұта бергің, жұта бергің келеді.
Ауылдың күйбең тіршілігіне үйренген атам мен әжем менің келгеніме қатты қуанып,асты-үстіме түсуде.Жинап сақтағандарының бәрі менің алдымда.Сағыныштан мауқымды баса алмадым.
Екі-үш күн өтті.Ауылға әбден үйрендім.Қорадағы қой-ешкіні көрдім.Оларға жем, су беріп қолғабыс жасадым.Атам мені өзінің сүйікті сәйгүлігіне мінгізді.Аттың үстінде еркін отырып, атамды бір таңғалдырғанмын.Жануарға бауыр басып қалдым.
Демалыстың да аяқталар кезі келді.Ауылмен,атам мен әжеммен де қоштасар сәт туды.Ауылда өткізген әркүнім мен әр түнім мен үшін ұмытылмастай болды.Ауылға еш нәрсе жетпейтінін түсіндім.

ID: 307 | Просмотров: 2385

03/Мар/2015