Басты бет » 2015 » Январь » 21 » Ата-ананың алақаны-балаға айдынды қоныс
23:27
Ата-ананың алақаны-балаға айдынды қоныс
загрузка...

Ата-ананың алақаны-балаға айдынды қоныс

(тренинг)

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері  отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсартуын, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

Тренинг бағдарламасы:

  • І.Кіріспе
  • ІІ.Негізгі бөлім:
  • 1.”Мен үшін қымбат...” (Ой қозғау)
  • 2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)
  • 3. Жаттығу
  • 4.”Жүректен шыққан жылы сөз”:
  • А)”Мейірімділік  шуағы”;
  • 5.”Жағымсыз қылықтар”
  • 6.”Жақсы қасиеттер”
  • 7.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
  • 8.Жаттығу “Тілек шырағданы”
  • 9.Ойтолғаныс

І. Кіріспе бөлім:

  - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ата-ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы болып саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала–шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі  отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің-ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты  өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз

ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп,

тәрбиелеп жатқан жоқсыз.

Сіздің отбасыңызда болашақ азамат,

болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»

А.С.Макаренко

ІІ.Негізгі бөлім
 1.“Мен үшін қымбат...”
(Ой қозғау) (Аялы алақаны, мейірімі, ыстық жүрегі, жан жылуы, махаббаты, мейірімді көздері, күлкісі)

2.“Бала деген кім?”  туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады. (Болашағымыз, Асыраушымыз, Көмекшіміз, Ақылшымыз, Өміріміздің жалғасы, Үмітіміз, Бауыр етіміз)

3. Жаттығу

Ата–аналарға сұрақтар қою.

Есінізге түсіріңізші  аяғыңыз ауыр болған кезде, бірінші не туралы ойладыңыз, қандай сезіміңіз болды?

Енді балаңыз өмірге келгенде  алғашқы әсеріңіз? Не туралы ойладыңыз?

1.Енді балаңыз жүре бастағанда, біз бала үшін қорқамыз да, оған барма, шықпа, секірме дейміз. Сонымен аяғын байлаймыз.

2. Енді балаңыз жан-жағындағы дүниені тани бастайды, бәрін ұстап білгісі келеді. Біз оған ұстама дейміз. Сонымен қолын байлаймыз.

3. Баланың тілі шығады да, бәрін сұрай бастайды. Бұл не, мынау не деген кезеңі. Баланың сұрағынан шаршаймыз да сұрама, сөйлеме, айқайлама дейміз. Баланың аузын байлаймыз.

4. Көшеден әр-түрлі сөздер естіп, үйреніп келеді. Біз оған тыңдама, естіме дейміз. Біз сөйтіп құлағын байлаймыз.

5.  Теледидардан неше түрлі бағдарламаларды көреді де, біз оған қарама дейміз. Сонымен баланың көзін байлаймыз.

6. Баламыз даладан ұядан құлап түскен балапанды, тастанды мысықтың баласын үйге әкелген кезде біз оған қайдан әкелдің? Неге әкелдің? Алма, ұстама, деп баланың жүрегін байлаймыз.

Енді қараңыздаршы, осындай бала сіздерге ұнай ма?

Ата–аналарға сұрақтар қою.

- Сіз өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?     /ыңғайсыз/

- Біріншіден нені босатқыңыз келеді?

 Экраннан көрсетіледі.

1-қателік: «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін».

2-қателік: «Не істесең оны істе, маған бәрібір».

3-қателік: Аса қаталдық, яғни «Мен не айтам, соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын».

4-қателік: Балаларды тым еркелету.

5-қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ».

6-қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету.

7-қателік: Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау т.с.

Жәшіктен сөздер оқылып, тақтадан көрсетіледі.

         Экранға көңіл аударту.

Ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей. Тәрбие-нәресте, дүниеге келмей тұрып басталуы тиіс. Халық сондықтан да «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан»-деп бекер айтпаған. Ендеше, ел азаматын баулу ерте басталуы тиіс. «Ертең де күн бар ғой, бәріне үлгереміз» деп салдыр-салақ күн кешкендердің өкініші удан да ащы боларын сезелік.

         «Ата-ананың ақылы, сайрап жатқан жол мен тең,

           Зерделінің ақылы-сарқылмайтын көлмен тең» дегендей берген ақыл-кеңесіміз, үлгі-өнегеміздің нәтижесінде саналы тәрбие мен нақтылы білім алуына күш салайық.

 

4. Жүректен шыққан жылы сөздер:

А) «Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл-күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл-күйіне әсер етеді екен.

1. Сіз балаңызды  таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
2. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
3. Балаңыздың тәтті қылықтары

4. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

 

Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма  кірсін»  - деп перзентін әлпештеп өсірген  ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай жағымсыз қылықтарды көргіңіз келмейді, ал қандай жақсы қасиеттерді көргіңіз келеді?

5. Жағымсыз  қылықтар

Тәкәппарлық, Мақтаншақтық, Дөрекілік, Ызақорлық, Жалқаулық, Сараңдық, Еріншектік

 

6. Жақсы  қасиеттер

Еңбекқорлық, Адамгершілігі мол, Инабаттылық, Мәдениеттілік, Тәртіптілік,  Тіл алғыштық, Сыпайылық, Әдептілік

 

7. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

1. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

 

2. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

 

3. Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?

4. Балаңыз белгілі бір пәнді ұнатпай, сабақ оқығысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?

5. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне  көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

8. “Тілек шырағданы”

Отбасы, ұшқан жанұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ата-ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың   түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

9. Ой-толғаныс

Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да, бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

  1. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
  2. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
  3. Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
  4. Балаңыз белгілі бір пәнді ұнатпай, сабақ оқығысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?
  5. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне  көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
loading...

Авторы:

Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 2253 | Қосты: Дана_Ермухамбетова | Ілмек сөздер: қоныс., Ата-ананың, алақаны-балаға, айдынды | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 32
Қонақтар: 32
Тіркелгендер: 0