Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты әлеуметтік зерттеу және болжам жүргізу жұмыстары

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты әлеуметтік
зерттеу және болжам жүргізу жұмыстары

Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен
қызын тәрбиелеу-азаматтың ең бірінші
аса маңызды қоғамдық қызметі, оның
азаматтық борышы.
В.А.Сухомлинский
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,оған қол жеткізудің негізгі жолы әлемдік білім кеңестігінен орын алу болып табылады. Ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұру, нәтиже мен сапаға бағыттау, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу қажеттілігін міндеттейді. Осыған орай орта мектептердегі оқу – тәрбие үрдісін жетілдіру, демократиялық принциптерге негізделген инновациялық технологияларды енгізу, педагогикалық процеске ата- аналарды, қоғамды кеңінен тарту- шұғыл шешімдерді қажет ететін, білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін айқындау және шешу жолдарын құрайтын өзекті мәселелер жиынтығы болып табылады.
Қазір біздің өмір сүріп отырған қоғамдағы білім саласының басты мақсаты- әр оқушы өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашылық білімді тұлға қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар БҰҰ-ң бала құқығы туралы Конвенция, Қ.Р. Конституциясы, Қ.Р. Білім беру туралы,Қ.Р. Бала құқығын қорғау туралы заңы Неке және отбасы туралы т.б. заңдарды үйретіп, кеңінен насихаттау көзделген.
Қ.Р. «Баланың құқықтары туралы »заңының 20-бабында «Баланың міндеті » көрсетілген. Онда әр бір бала Қ.Р. Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, Қ.Р.-ң мемлекеттік нысандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата- аналарына қамқорлық жасауға, табиғатты сақтауға, оны қорғауға міндетті екенін көрсетілген.
Қ.Р. Білім туралы заңының 49-бабында ата-аналардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Оның бір бөлігінде «Білім беру ұйымдарының өз балаларының үлгеріміне,мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға міндетті»делінген.
Қ.Р. Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата- ананың табиғи парызы » деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан -2050» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы заң» жоғары және орта білім тұжырымдамасында әр бір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Отбасы- баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым- қатынас орнатуында іс жүзінде дағдыланады. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық жаңғырулар әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Отбасы асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосу себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік, сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуда.
Осы заманның тағы бір ерекшелігі :толық емес отбасылар көбейіп, ата,әке,қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т.б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан олар бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді.
Ата- ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қауіпті күшке ие, көзге көрінбейтін ықпал, әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмаса да сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді,көргенін бірде болмаса бірде қайталайды. Ата- ананың ықпалы өзінен-өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көред, ал бір көргеннен тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол есте мәңгі қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір,екі,үш рет естіген соң құлағында,ойында қалып қояды да,кезінде деру дамып формула сияқты санада қалқып шығып, іс-әрекетке айналады. Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез-құлқы ғана емес, ондағы қоршаған заттарда әсер етеді. Үйде кітап көп болса отбасы иелері әкесі мен шешесінің ұстағаны қағаз,қалам, оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны ғылыми- педагогикалық, әдістерде де айтылып келеді.
Практикалық жұмыстар нәтижесінде ата-ананың балаға ықпал ету әдістерін
• Ықпал ету арқылы баланың психикасын тежеу
• Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту
• Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту
• Ықпал ету арқылы теріс әрекеттерге итермелеу- деп топтастырдық
Ата-ананың балаға ықпал ету әдістерін топтастыру
Әдістер Мазмұндық көрсеткіштер Нәтижелері
1 Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту Нандыру,сендіру,иландыру, ақыл-кеңес, іс-әрекетін қуаттау,нұсқау,қолдау,орынды көтермелеу, дәлелдеу, дұрыс бағалау,әділ ескерту,баламен санасу, пікірлес болу Өзіне сенім артады
2 Ықпал ету арқылы тежеу Ата-ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау, үстемдік пиғылын көрсету,беделі мен басыну, санаспау. Тартыншақ, қорқақ, қулық, ырықсыз, өтірік,жігерсіз, жалтақ.
3 Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту Орынды мақтау,мадақтау,көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру,керекті деңгейде қажетін өтеу. Көңілі өсіп марқаяды,батырлық,өзі-не сенімі,өмірге құштарлығы,қабілеттері ашылады.
4 Теріс әрекетке түрткі болатынәдістер Баланың ырқына көну,еркелету,балаға мән бермеу,бақылаусыз қалдыру,жәбірлеу,зекіп ұрысу,орынсыз кінәлау,алдау,мазақ ету,нашар үлгі көрсету. Қырсық,өзімшіл,жалқау,рақымсыз,ұқыпсыз,ынтасыз,озбыр,бірбеткей,қа-тыгез.

Осыған орай мектеп оқушыларына ата аналары арасында жүргізілген сауалнама, әңгіме, сұхбат нәтижесі манадай: ата – ана баланың сабағына өз уақытында баруы – 79%,сабаққа дайындалуы-72% әдеп сақтау,мектепке кешікпеуі- 83%, қалғандарының барлығы әйтеуір дұрыс жүрсе болды да-9%деп жауап берген.
№49 Ш.Уәлиханов мектебінде 420 оқушы білім алуда. Оның ішінде 23,2%-аз қамтамасыз етілген отбасы оқушылары, 22,5%-көп балалы отбасы, 4,8% жартылай жетім, 2,9% - толық емес отбасы, 1,9%-көмекті қажет ететін оқушылар. Ата- аналардың білім деңгейі 37%жұмысшы, 33%-қызметкер, 30%-жұмыссыз, 36%-жоғары білімді, 27%-арнайы орта білімі бар.

Әлеуметтік зерттеу барысында біз әлеуметтік педагогтар түрлі категориялы отбасылар, өтіп жатқан түрлі кезеңдермен, отбасылық тәрбиеде мұқтаж отбасылармен кездесеміз. Әсіресе толық емес отбасы, аз қамтамасыз етілген, көп балалы, мүгедек балалар, тәуекел тобындағы отбасылар ерекше назар аударып әлеуметтік көмекті қажет етеді. Оқушыларымыздың жанұясымен жұмыс жүргізе отырып дұрыс бағыт- бағдар беруіміз қажет. Ол үшін «Отбасы академиясын » ұсынамыз.

Әлеуметтік педагогтың консультациясы Тақырыптық ата-аналар жиналысы Мектепшілік ақпараттық ата-аналар жиналысы
Ата-аналарға арналған кеңестер, нұсқаулар т.б. Ата-аналар мектебі Конференция,дөңгелек үстелдер т.б.
Әлеуметтік отбасы институтының жұмысы Бастауыш мектеп Бала проблемасын шешу жөніндегі консультациялар

Тәжірибеде қолданып жүрген отбасы зерттеу мен ата- аналармен жүргізілетін педагогикалық ағарту әдісі пайдаланады. Ата- аналармен жұмысты ең алдымен әр түрлі әдістерді қолдана отырып отбасын мұқият зерттеу керек, бақылау, баланың үйіне бару, мінездеме, сұхбаттасу, сауалнама, баланың шығармашылық жұмысы т.б. Бұл әдістер бір- бірін толықтырып отырады. Қазіргі таңда өмірбаянды талдау (анализдеу) әдісі кеңінен қолданылады. Оның мәні оқушылар мына тақырыпта шығарма жазады: «Өткен шақтағы, бүгінгі және ертеңгі, мен және менің жанұям»,«Менің шежірем», «Менің жанұямның портреті». Бұл әдіс бойынша әлеуметтік педагогика оқушының қандай проблемалары бар екендігін анықтап, оны шешуге көмек көрсетеді. Оқушыға келесі сабақта қосымша үйге ата-ана мен бірге орындайтын тапсырма беруге болады. Бұл жерде тек оқушының ғана емес ата- ананың жан- жақтылығы ескеріледі.
Мақсаты: Проблемалық тақырыпты шешуге ата- ананы да қатыстыру, оның ізденушілігін, білімділігін зерттеу, әлеуметтік педагогтың берген бағытымен жұмыс жасауға қалыптастыру. Сонда ата- ана өз баласының басқалардан төмен болып қалмас үшін қолынан келген көмегін аямауға тырысады. Ата- ананың жауапкершілігі артады.

Жанұяның әлеуметтік тарихын зерттеу.
1. Негізгі ақпараттар
a. Жанұя мүшелерінің аты- жөні, туған күндері
b. Некелескен уақыты (егерде неке бірінші болмаса,алдыңғылары да тіркеледі )
c. Жанұяның ұлты және сөйлеу тілі
d. Діни сенімі
e. Әлеуметтік педагогпен алғашқы байланыс жасаған күні
2. Жанұя- жүйе ретінде
a. Жанұя құрылымы аз жәнеүлкен жанұя мүшелері (туысы емес болса да жанұя құрылымына қатысы барлар да тіркеледі). Жанұяның мүшелері «Жеке тұлғаның әлеуметтік тарихы» сызбасымен сипатталады.
- Ата-ананың, балалардың бір-бірімен, ата-анасы мен балаларының өзара қатынастары (қалыпты немесе дау-жанжалды,) жанұяның басқа мүшелерімен де қатынас деңгейі. Жанұя байланысы (Жанұя мүшелерінің бір- біріне жақындығы немесе алшақтығы ,жанұядағы эканомикалық ахуал)
b. Жанұяның қоршаған ортасы.
- тұрғылықты жері;
- әлеуметтік –эканомикалық статусы;
- жанұяның көршілері мен социуммен өзара қатынастары,
- ата-әжелер және үлкен жанұяның басқа мүшелерінің жанұяға ықпалы;
- референттік топтар: байланыс жүйесі және оның жанұя мүшелеріне әсері
c. Жанұя мүшелерінің рольдік іс-әрекеті:
- шаруашылықты кім үйлестіреді;
- балаларды кім қамқорлайды;
- жанұя мүшелеріне психологиялық қолдау жасап отыратын адам;
2.4. Жанұяның даму тарихы:
- жанұя шежіресі;
- жанүя өмірінің даму кезеңдері;
-жанұя өміріндегі маңызды оқиғалар;
3. жанұяның қажеттіліктері мен қиындықтары:
3.1 Жанұя мүшелерінің жеке қажеттіліктері
3.2 жанұяның ішкі қажеттіліктері
3.3 жанұя ретіндегі қажеттіліктері мен қиыншылықтары
4. Жанұяның дамуына әсер ететін оң және теріс фактор:
4.1 Әлеуметтік педагогтан жанұя недей көмек қажет етеді;
4.2 жанұя жоспары қандай
4.3 жанұя жоспарын өзгерту мүмкіндіктері қандай( ішкі және қоршаған ортасында).
4.4 жоспарды жүзеге асыру мүмкіндігінің нақтылығы.

Автор: Рустемова Айгуль Мамасейтовна

ОҚО Сайрам ауданы №49 Ш.Уәлиханво атындағы жалпы орта мектеп

18
Декабрь
0
3042
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.