Сайт учителя начальных классов
.
Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру

Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру

Халықтық педагогикадан бастау алып, осы дәлелденген нәтижелерге сүйенсек, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ. Сондықтан тәрбиеленуші жас ұрпақ ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, қоғамдағы кемшілікті білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенетін, адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын иманды, алдына қойған мақсат жолында барлық күштерін жұмсайтын, рухани дүниесі бай болуы шарт.
Бірде – бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес, өзге емес өз ғұламамыз, ІХ – Х ғасырларда жүзден астам ғылыми еңбектер жазып, «Шығыстың Аристотелі» атанған Әбу Насыр Әл – Фараби бабамыздың халықтық педагогика саласындағы еңбектерінде адам атаулыны гуманистік ізгі қасиеттерге баулу мәселесі кеңінен сөз етіледі. «Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жету қажет. Бұл бақыттың бастауы. Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл – ойдың жан – жақты дамуына көңіл бөлуі қажет», - дейді. Адамгершілік турасында дана бабамыздың: «Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат» - деген ұлағатты пікірін мойындай отырып, жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу педагогтық парыз екенін ұмытпағанымыз абзал.

ID: 367 | Просмотров: 2405

31/Мар/2015