Сайт учителя начальных классов
.
Адам және экология

Адам және экология

Адам және экология

География пәнінен қолданбалы курстың бағдарламасы

(жаратылыстану-ғылыми пәндерінің саласы)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды қаласы КММ «№54 жалпы білім беру орта мектебі»

География пәнінен қолданбалы курстың бағдарламасы

(жаратылыстану-ғылыми пәндерінің саласы)

Тақырыбы: «Адам және экология»

Сыныбы: 9 сынып

Мамандығы: «География»  (мамандық атауы)

Оқыту түрі: Күндізгі

Барлық сағат саны: 34 аптасына 1 рет

Құрастырушы: Қарағанды қаласы КММ «№54 ЖББОМ» география және тарих пәні мұғалімі Балмаганбетова Шолпан Шаймерденовна

Пәні География және тарих пәні мұғалімі

Еңбек өтілі 8 жыл

Қолданбалы курс тақырыбы: «Адам және экология»

Бағыты: Жаратылыстану- математика бағыты

Курстың білім беру мазмұны құрылымындағы орны: « Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясы» тарауының бір бөлімі.

Түсінік хат

Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәні үлкен рөл атқарады. Озық ойлы шәкірттің бойына білім нәрін қазіргі талап тұрғысынан бере білу-ұстаз еңбегінің басты нәтижесі.

Қазіргі уақытта жас ұрпаққа сапалы білім беру, саналы тәрбие берудің тиімді жолдары сан алуан. Бұл курста Қазақстанның экологиялық жағдайына сипаттама беріледі. Пән бойынша оқушы білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіріп, теориялық ұғымдарды практикалық тұрғыда жүйелі ұштастыру нәтижесінде іскерлік, біліктілігін арттыра отырып, оқушылар экологиялық өзгерістер мен құбылыстардың себептерімен танысып біледі. Қоршаған ортаны қорғау проблемасының өткірлігі сонша,оны оқушыларға жан-жақты түсіндіруіміз керек.Сондықтан, бұл курста арнайы экологиялық білім мен заңдылықтар түсіндіріліп қана қоймай, табиғатты қорғауға да шақырады.Бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі- адамдардың экологиялық ойлауын қалыптастыру,оларға осы бағытта тәрбие беру.Адамзат өмір сүріп отырған әлем өзара тығыз байланысты,әрі өзара тәуелді.Біз бәріміз бір планетада қатарласа тіршілік етеміз, сондықтан планетамыздың экологиялық жағдайын танып-білу бүгінгі күні қажет нәрсе. «Адам және экология» курсы, қоршаған орта экология жөнінде және оның пайда болу себептері мен оларды шешу жолдарымен таныстырады.

Мақсаты:

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру барысында табиғат туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру. Табиғатқа деген жанашырлық сезімін және осы мәселені шешуде оқушылардың жауапкершілігін арттыру. Қазақстанның экологиясы туралы бастапқы нақты білім беру,туған жерге деген танымдық қызығушылығын тудыру.

Міндеттері:

1.Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру проблемасын теориялық жағынан негіздеу.

2. Оқушының экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыру жолдарын қарастыру.

3. Географиялық мәдениеті мен білімін жетілдіруді қалыптастыру.

4. Оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға үйрете отырып, курс бойынша алған білімін ғылыми зерттеушілік жұмысқа бағыттау

5. Оқушыларды статистикалық, картографиялық деректерді, Интернет жүйесі ақпаратын өз бетімен өңдеуге үйрету. Теориялық алған білімдерін практикалық түрде дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

7. Оқушыларды еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие беру.

6. Әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамыту.

Өзектілігі:

Экологиялық жағдайдың қауіпті құбылысқа айналуы .Экологиялық мәселе қазіргі кезде - бүкіл әлемдік проблема. География пәні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі экологияға қатысты өзекті мәселелерді зерттеуде,
оқушылардың практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастырып, дамытуда негізгі орынды алатын бірден-бір ғылым саласы.

Пәнаралық байланыс: Экономикалық география, биология, тарих, химия, география, экономика.

Бағдарламаны жүргізу формалары: Лекция, конференция, сайыс, саяхат сабақ,сынақ, тест, реферат,

Бағдарламаны аяқтау формалары: Тест, сарамандық жұмыстар

Күтілетін нәтиже:

Бұл бағдарлама, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін үйретіп, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелейді. Табиғатты пайдалануда үнемшілдік және құқықтық принціпті сақтауды, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын оқып үйренуге және оны белсенді қорғауды, табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологиялық жауапкершіліксіздіктің кері әсері туралы көзқарас қалыптастырады.

Экологияның ғылыми мәселелеріне талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, жоба құру және болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеуге болады.

« Адам және экология» курсын оқыту ұстанымдары:
1. Ғылымилық
2. Байланыстылық
3. Қызығушылық
4. Үздіксіздік
5. Кіріктіру ұстанымы

Таңдау курсын жүргізуде қолданатын инновациялық технологиялар:

1. Модульдік оқыту технологиясы.
2. Интерактивті технологиялар
3 .«Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу» стратегиялары 4.«Ғылыми жобалау әдістемесі» бағдарламалары

Курстың зерттеу әдістері:

1.Әлеуметтік: талдау, қорыту.
2.Проблемалық әдістер: мәселені талдау, болжам жасау, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтау.

«Адам және экология» курсының жоспары

(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Р/С Сабақтың тақырыбы Сағат саны Уақыты Жұмыс әдістері Оқушы әрекеті

1 Кіріспе сабақ. 1 Лекция Конспект
2 Экология ғылымының зерттеу объектісі және бағыты 1 Лекция арқылы талдау Конспект,
кесте
толтыру
3 Ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа әсері 1 Семинар Ізденіс
4 Жер бедерінің адам әрекетінен өзгеруі 1 Пікірталас Саяхат Конспект Сурет жинау н/се салу
5 Атмосфера экологиясы 1 Лекция. пікірталас. Конспект, талдау
6 Қазақстанның ауа кеңістігінің ластану жағдайы мен себептері 2 Конферен-ция Саяхат Ізденіс, реферат, слайд
7 Су көздерінің ластануы мен салдары.Біз қандай суды ішіп жүрміз. 1 Семинар Ізденіс, талдау
8 Жердің экологиялық жағдайының нашарлауының себептері 1 Өзіндік жұмыс Ізденіс, реферат
9 Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану 1 Жеке жұмыс Кесте, толтыру
10 Қоқыстар –ғасыр проблемасы 1 Әнгімелеу, пікірталас Талдау, кесте, слайд жасау
11 Қорытынды 1 Топпен және жеке жұмыс Постер жасау. тест жұмысы
12 Биосфера экологиясы және біртұтастылық қағидасы 1 Лекция Конспект, талдау
13 Адамның іс-әрекетінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне әсері 2 Лекция, семинар Конспект, талдау
14 Денсаулықтың кепілі-табиғаттың тазалығы 2 Семинар, жеке жұмыс Ізденіс, талдау
15 Ғаламдық көлемде жылыну –бұл жақсы ма, жаман ба? 2 Конференция Практикалық жұмыс Ізденіс, реферат, слайд
16 Қоршаған ортаны ластайтын заттар 2 Лекция, семинар Конспект, талдау
17 Қоршаған ортаның химиялық ластануы және негізгі химиялық ластағыштар 1 Жеке жұмыс Постер жасау, талдау
18 Қоршаған ортаның радиациялық ластануы 1 Лекция Конспект, талдау
19 Қоршаған ортаның биологиялық ластануы 1 Лекция Конспект, талдау
20 Қорытынды 1 Ойын сабақ Жарыс
21 Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары 2 конферен- ция, саяхат сабақ Ізденіс, реферат, слайд
22 Өндірістердің зияны 2 Лекция жеке жұмыс Конспект, талдау. ізденіс
23 Арал тағдыры 1 Өзіндік жұмыс Ізденіс, реферат слайд
24 Біздің тағамдарымыз және қоршаған орта 1
25 Табиғатты қорғаудың экологиялық негіздері 1 Пікірлесу Өз ойлары мен пікірлерін талдау
26 Біз бұл әлемде нені өзгерте аламыз? 1 Пікірталас, Шешім қабылдау
27 Қорытынды. Тест жұмысы 1 Алған білім-білік дағдыны жүйелеп, қорытын-дылау

Оқушылардың «Адам экологиясы» курсы бойынша алған білімді меңгеруін оқушылардың оқу процесіндегі іс-әрекетті төрт деңгейлі таксономиялық модель арқылы анықталады:

-бірінші деңгей (төменгі деңгей 1-3 балл);

-екінші деңгей (орта деңгей 4-6 балл);

-үшінші деңгей (жеткілікті деңгей 7-9 балл);

-төртінші деңгей (жоғарғы деңгей 10-12 балл).

Оқушылардың сұрақтарға берілген жауаптары 12 балдық шкала бойынша бағаланып, пайыздық қатынастары шығарылады

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

1.Өзіне берілген тапсырма бойынша архив орындарында түрлі құжаттармен, кітапханадағы каталог-карточкалармен, мұражайдағы мұрағаттармен өздігінше жұмыс істеп, оның нәтижесін практикада пайдалана алады

2.Мерзімді баспасөз материалымен үнемі, әрі жүйелі жұмыс істейді, одан жинақталған мәліметтерді күнделікті оқу үрдісінде пайдаланады

3.Монографиялармен жұмыс жүргізіп, өздігінше конспект, тезис, реферат дайындайды

4. Әлеуметтік-экономикалық география туралы түрлі көзқарастарға өз пікірін білдіреді, оны дәлелдейді, пікірталасқа қатысады

5.Қазіргі қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық,экологиялық проблемаларды талдауға, салыстыруға, себеп-салдарын анықтауға, географиялық білімдерін еркін қолдана алады

6.Мақсат қоя біледі, жоба құру. Болжам жасау сияқты шығармашылық іздену әдістемесін меңгереді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Кучер Т.В. Экологическое образование учащихся в обучении географии. М., Просвещение. 1990.

2.Сакио А.В. Эколгическое воспитание учащихся . Учебное метод.пособие

3. Қазақ энциклопедиясы. Алматы, 2001 ж

4. Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаев «Экология» 9 сынып Алматы 2005

5. Келешек ортаға арналған қоршаған орта . экологиялық білім беру жөніндегі оқу құралы

ID: 48 | Просмотров: 4439

23/Ноя/2014