Сайт учителя начальных классов
.
Ақпараттық технологияның информатика сабағында оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тигізетін әсері

Ақпараттық технологияның информатика сабағында оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тигізетін әсері

Ақпараттық технологияның информатика сабағында оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тигізетін әсері

Астана қаласы Білім басқармасы№49 орта мектебі

Баяндама

Тақырыбы: Ақпараттық технологияның информатика сабағында оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тигізетін әсері

БаяндамашыАбдраманова Айдана Айдаровна, информатика пәні мұғалімі 2013 жыл Ақпараттық технологияның информатика сабағында оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тигізетін әсері 

№49 орта мектеп А.А.Абдраманова

Мақсаты: информатика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін, ақпаратты қолдану сауаттылығын және шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері:

vОқушыларды ақпарат құралдарын тиімді қолдануға үйрету,

vКомпьютерлік сауаттылықтарын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

vАқпарат көздерін  пайдалана отырып, тәжірибе алмасу

vТанымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Күтілетін нәтиже:

vоқушылар компьютер арқылы білімдерін кеңейтеді және ақпарат көздерімен жұмыс жасауға үйренеді.

vОқушылардың танымдық белсенділіктері артып, өзіндік көзқарастары қалыптасады.

vОқушылар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналуына мүмкіндік туады.

vАқпараттық технологияның тиімділігін іс-тәжірбиеден бақылайды.

«ХХІ-компьютер техника ғасыры» - сондықтан қазіргі заман қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде.  Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын  электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста.

Сапалы білім негізі – ақпараттық технология.

Ақпаратық технологиялардың даму қарқындылығы соншалықты жылдам, тіпті кез-келген жаңа нәрсе мен жаңалық пайда болып үлгермей, әрбір үйге жетіп жатады.

Білім беру мекемелерін компьютерлік техникалармен  жабдықтау мәселесі соңына дейін толық шешілген жоқ, күн тәртібінде қазіргі уақытта басқа мәселе тұр- ол компьютерлік техниканы қалай дұрыс пайдалану керек деген мәселе.

Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз негізгі тұжырымдамасы өркениет дамуының жаңа тарихи фазасынан құрылған негізгі тұжырымдамасы ақпараттық қоғам құру курсын қолға алды. Оның негізі – ақпарат және білім.

Білім беру саласын ақпараттандыру жағдайында кез – келген тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық – комуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет.

Компьютер техникасын тиімді пайдаланудың өлшемі болып, оны басқа да пәндерді оқыту кезінде қолданады.

Біріншіден, ғаламторда көптеген материалдарды іздеуге  қалыптасқан, онда түрлі пәндерді оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері; екіншіден – компьютерлер уақытты үнемдеуге, көрнеклік материалдарды тиімді пайдалануға болады. Соның ішінде бейнефильмдер оқушылардың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бұл жөнінде Я.А.Коменский былай деген: «Алтын ереже-бала сезім әсерлерін туғызып білдіргені жөн: көруге болатын нәрсені көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп көрсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын. Кейбір нәрселерді түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы». Сондай-ақ сабақтарда бейнесабақтар оқушылардың іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын дамытуда бейнефильмдердің пайдасы зор.

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.

Бірақ ақпараттық технологияларды дамыту мен оларды пайдалану тек алдыңғы қатарлы техникалық деңгейді талап етіп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға қажет білім мен оны қолдану аясын, яғни қоғамның интеллектуалдық (зерделік) потенциалы болуын керек етеді. Мұндай талап алдымен білім беру жүйесін күшейтуді қажет етіп, оның қоғамдағы рөлін міндетті түрде жоғары дәрежеге көтереді.

Оқыту үрдісіндегі  оқушының белсенділігі  дидактиканың негізгі талаптарының біріне саналады.  Оқушылардың мұндай белсенділігі  мақсатты бағытталған басқарушылық  педагогикалық іс-әрекеттердің  және сабақтарда қолданылатын педагогикалық технологиялардың  тікелей салдарынан келіп туындайды. Оқушы оқып үйренетін материалды жақсы және барынша терең түсінеді және алған білімі неғұрлым ұзақ уақыт жадында қалады. Оқушы , мұғалім және АҚТ сызба түрінде кескіндесек:

Оқушы АКТ Мұғалім

Білім қорын жинаушы         Ұйымдастырушы

Өз бетімен әрекеттенуші          Саралаушы

Кеңесші

Өңдеуші

Ақпаратты-қатынастық технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу.

Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?

Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады Оқуға деген қызығушылығын арттырады

Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады

Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі

Уақытты үнемдейді

Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді

Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады

«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ...Егер мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады.»- деген ойдың авторы  орыс жазушысы Л.Н.Толстой. шыныменде бүгінгі мұғалім өз ісінің шебері танылуы үшін  жан-жақты ізденуі жаңалыққа ұмтылуы қажет.

Менде өз сабағымда үздіксіз ізденіс нәтижесінде Ақпараттық технологияны қолдануда тиімділігін көре білдім. Информатика сабағында ақпараттық коммуникативтік технологиялардың пайдаланудың тиімділігі:  оқушы өз бетімен жұмыс жасайды, аз уақытта көп білім алып уақытты үнемдейді. Білім- білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексерді. Оқушылардың теориялық- практикалық сауаттылығы артады. Қашықтықтан білім алу мүмкіндігі болады.Қажетті ақпаратты жылдам жедел түрде алу мүмкіндігі болады.

Мысалға атап айтатын болсақ:

7-ші сыныптарда «Paint графиктік редакторы» тақырыбында оқушылар үлгі бойынша сурет сала отырып, өз ойларымен, өз шығармашылығымен суреттер салуға тырысады. Сурет салуға деген қызығушылықтары артып « CorelDraw, Photoshop» графикалық редакторларымен жұмыс жасауды үйренеді.

8-11 сынып оқушылары ақпараттық технологияға деген  қызығушылықтары артып әртүрлі графикалық редакторлармен жұмыс істей бастайды. Көптеген программалармен жұмыс жасап өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Интернетпен жұмыс жасап керекті материалдарын тез арада тауып уақыттарын үнемдей алады.

Сабақ беру үрдісіндегі менің негізгі ұстанымдарым:

  • Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануды қалыптастыру;
  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
  • Оқушылардың компьютерлік сауттылығын арттыру;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
  •  

«Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек», - дейді француз философы Анри Барбюс. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға  оқушыны бейімдеп тәрбиелеу психолог – педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Оқушы ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай тұлға ретінде қалыптасуы заман талабы.

“Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

Қорыта айтқанда, барлық пәндерде электрондық ресурстар оқушылардың сабаққа деген ынталарын, назарларын, қызығушылықтарын арттырып, білім деңгейлерін жоғарылатады.  Ал бүгінгі күні жаңа ғасырдың жастарына жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты борышы деп ойлаймын

ID: 60 | Просмотров: 2830

07/Дек/2014