Басты бет » 2015 » Февраль » 24 » Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы
13:33
Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы
загрузка...
Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы
С.О. Зілкенов
Павлодар облысы
Май ауданы
Көктөбе жалпы орта білім беретін
мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек»- деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Қазақстан Республикасының дербес мемлекет болып әлемдік кеңістікте нығая түсуі еліміздегі білім беру саласында ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға бағытталған бетбұрыстары талап етіп отырғаны белгілі. Балалардың сабаққа деген ынтасы бірден мұғалімнің парасаттылығына, біліміне, өз жұмысына деген сүйіспеншілігіне байланысты. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі.
Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі болып саналады Осындай жаңа жолдарының біріне заман талабына сай 21 ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технолгиясы арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар және интербелсенді тақта көмегімен болмақ.
21 ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технолгиясының ерекшелігі: оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай, біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингвистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп, бір мезгілде іске асырамыз. Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады. Ақпараттық сабақта бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады. Оқушылар Word, Power Point, Excel, Актив студио т.б программаларының көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді.Сонымен қатар интерактивтік тақтада ертегілерді көрініс ретінде, ролдік ойындарды өткізуге болады.
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни білімгер ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің комегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Осы технологиялардың ішінде жобалау әдісі арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технолгиясын қолдана бастадық. Жобалау технологияның маңыздылығы – оқушылардың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жоба түсінігі бойынша алынып отырған идея теориялық және практикалық тұрғыда шешіледі. Осы технология белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығаруға бағытталған. Қорытындыға жету барысында оқушылар ойланып, мәселені шешу барысында алған білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Кез келген уақыт мерзімінде оқушылардың жекеше, жұптық, топтық жұмыс істеу іскерліктерін әрқашан жобалау тәсілі бойынша іске асырылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады.Осы технолгияның тағы бір тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Жобалау әдісі ХХ - ғасырдың технологиясына кіріп басқа елдерде ұрыннан қолданылса да, біздің елде тек соңғы жылдарда ғана қолданылуда. Жобаны ғалымдар пәндік-мазмұндық белгілеріне қарай, үйлестіру сипатына қарай, әрекет түріне қарай, жобаға қатысатын адамдар санына қарай, жобаның жүру мерзіміне қарай бірнеше түрлерге бөледі.
Пәндік-мазмұндық белгілеріне қарай шағын жобалар және пәнаралық жобалар деп, үйлестіру сипатына қарай ашық және жабық деп, әрекет түріне қарай ізденушілік жоба, шығармашылық жоба, ақпараттық жоба, рөлдік ойындар түріндегі жобалар, тәжірибеге арналған жобалар деп бөлінеді. Атап айтқанда, бір жобаның аясында оқушылар ізденушілік те, шығармашылық та, ақпараттық та жұмыстар жүргізеді.
Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттерін артырады. Жоба әдісінің басты мақсаты – тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін маңызды тапсырмаларды орындау барысында студенттің өздігінен білім алуына жағдай жасау.
Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе оқушылар жұптасып, немесе үш-үштен бірігіп, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты.
Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда тіл үйренушілер өз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.
1-кезең дайындық кезеңі. Тақырып таңдау, оны құрастыру, міндеттерін белгілеу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бірге студент жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды.
2- кезең. Материал жинау, материалды өңдеу, толықтыру. Студенттердің жинаған тілдік материалдарын, алғашқы нәтижелерін қорытындылап талқылау, келесі ққосымша материалды, жаңа материалды іздестіру. Жоба үй тапсырмасы ретінде материалды қолдана отырып сұхбат жасауға беріледі, лексикалық, грамматикалық материалдар өңделінеді, кесте беріледі.
3- кезең. Сөйлеу кезеңінде алынған материалды қолдану, жоба жұмысын аяқтайды.
4-кезең. Қорытынды шығару, жобаның презентациясы.
Осылайша жоба жұмысымен әр оқушы қазақ тілінде сөйлейді. Әр оқушы өз ойын айтуға, дәлелдеуге тырысады. Ауызша сөйлеуді жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.
Жоба жасауда мультимедиялық бағдарламаны қолдану әдісінің көп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі сөйлеу түрлерін жаттықтыру және оларды әр түрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге, лингвистикалық құбылыстарын қалыптастыруға, коммуникативті жағдайларды құруға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен қатар қатысушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізулеріне мүмкіндік береді.
Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда оқушылар интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды, мәліметтерді іріктеп алады. Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы оқушылар көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маңдайша жазулары, жарнамалар, кестелер, диаграммалар жатады.
Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.
Оқу – жобамен жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі бөліктердің бірі. Жобаға керекті мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Жұмыс кезінде оқушылар анықтамалармен, энциклопедиялық сөздікпен жұмыс істейді.
Тыңдау – оқыту құралы және нысан ретінде жобада қолданады. Тыңдаудың ең бірінші қызметі – жобаны қорғаушы сөйлеген кезде оның сөзін басқалар тыңдайды, жаңа мәліметтерді ерекшелеуге, ал екінші жағынан кейбір түсініксіз сөздерді тастап кетіп, мәтінді түсінуге дағдыланады.
Жобалау әдісі арқылы ұсынылатын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді.

Жобалау әдісіне тән жетістіктерге мыналарды жатқызуға болады:
- жобалау әдісі оқушыларды оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді;
- балаларды білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді;
- жобамен жұмыс істеу барысында оқушылардың тілдік дайындығы қалыптасады;
- жобалау әдісі оқушылардың белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі. Сонымен бірге оларды жеке тұлға ретінде қалыптастырады;
- жобаны қорғау кезінде оқушылар өз әрекетін ұйымдастырып бағалай алатын жеке тұлға ретінде ғана емес, тілді меңгеруге байланысты өз бойындағы кемшіліктерді жеңуге де үйренеді.
Сонымен қорыта келгенде мектепте жобамен жұмыс технологиясын қолдану жеке тұлғаны дамыту бағытында оқушылардың өз бетімен хабарды жинауға, сараптау, тиімді де тиісті қорытынды жасауға, өз ойын дәлелдеуге, сөздік қорын толтыруға, сөйлеу тілінің мәдениетін тиімді үйренуге, эстетикалық талғамын дамытуға үлкен үлес қосады. Оқушылар жобалау әдісімен жүргізілетін жұмыс барысында өздерінің оқытушыға беймәлім таланттарын көрсетуге мүмкіндік алады. Олар ұйымдастырушылық қабілеттерін арттырады. Сондықтан, жобалау әдісі студенттерді жан-жақты дамытуда ең озық әдіс деуге негіз бар.

Қолданған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектебінде. №4,8 2006ж, №3,9 2008, 7,9 2009ж, т.б.
2. Фазылова Р.Л. Проект на уроках немецкого языка \Иностранный язык в школе-1999- №.3
3. Әлметова Ә.С. «Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» пед.ғыл.доктор.дисс.автореф. Алматы, 2007. -48б.
4. «Обучение для будущего» Проектная деятельность в информационной образовательной среде 21 века. Астана 2009г.
loading...

Авторы:

Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1149 | Қосты: Zilkenov73 | Ілмек сөздер: sanial | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 65
Қонақтар: 65
Тіркелгендер: 0