Сайт учителя начальных классов
.
7 модульмен ұштастырылған 45 минут

7 модульмен ұштастырылған 45 минут

7 модульмен ұштастырылған 45 минут

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Қазақ елінің болашағы – бүгінгі мектеп түлектері. Демек, олардың қандай азамат болып шығулары – мектеп қабырғасында қаланады. Сол қаланған кірпіштің дұрыс бағытта болуы- бүгінгі педагогтардың негізгі міндеті. Осы орайда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы негізінде ұйымдастырылып жатқан деңгейлік үш айлық курстардың маңызы зор деп санаймын. Республика көлемінде жүргізіліп жатқан курс тиімділігін естісімен өзге ұстаздар қатарында мен де өз біліктілігімді арттырып, шеберлігімді шыңдау мақсатында осы курсқа бет алдым. Алғашқы күннен топ болып, топтың тренері болып жұмыстар жүргіздік. Осы ретте Шокимова Сайран Азнабайқызының ерен еңбегін атап өтуді жөн көрдім. Алғашқы күннен 7 модульдің басты қағидасы мен анық белгілерін көрсетіп, тәжірибе негізі екендігін санамызға ұялата білді. Бұрынғы дәстүрлі сабқты қойып оқушыларға еркіндік беру арқылы, олардың өз бетімен жұмыс жүргізу қабілеттерін дамыта отырып білім беру – аталмыш модульдердің қарастырған басты мәселесі екендігін де тілге тиек етті. Міне, осы бағытта білім алып, өзара тәжірибе алмаса отырып, жан – жақтан жиналған ұстаздар қауымы өз мектебімізге алған білімдерімізді тәжірибеде пайдалана білуге үйрену мақсаттарында ауылға жол тарттық. Алғашқы сабақтарымнан өзімнің сынып жетекшілік ететін сыныбыма бұрынғы дәстүрлі мұғалімнің көп сөйлеп, оқушыларды қажымыр қылатын 45 минутты үздіксіз әр модульді кіргізе отырып өткізуге тырыстым. Бұрынғыдай оқушыларды өзіме қаратып қойып, өзім берген біліммен шектеліп қалулары – кешегі күнгі сағым болып қалды. Себебі, бірінші күннен оқушылар топтасып отырып, көпшілікпен қоян – қолтық жұмыс жүргізді. Өткен күн есіме түскенде санаулы әр минутымның бағалы екендігін сонда ғана ұққандаймын. Оқушыларымды әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы әр күні әр топта жұмыс жүргізулеріне жағдай туғыздым. Сыни тұрғыдан ойлату арқылы сауатты жазу мен саналы ойлаудың тиімді тәсілдерінен де біраз ақпарым болғандықтан түрлі стратегияларды пайдаландым. Өзімнің сабақтарымда пәніме де жақын өзіме де таныс болған бес жолды өлең, ББҮ, топтастыру, вендиаграмма  сынды тәсілдердің оқушыларымның ойын еркін жеткізуге көптеген септігін тигізді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқулықпен жұмыс жүргізумен қатар сабақ арасында көңілді сергіту сәттерін ұйымдастырып отырдым. Осы қызықты би қимылдары немесе көңілді өлең үзінділері де олар үшін таңсық іс әрекеттердің бірі еді. Жеті модульдің ішінде заман ағымына ілесе жүретін, күн санап дамып жатқан АКТ-ның тиімділігі де бар. Оны сабақ барысында өзімнің екінші сыңарым ретінде алдым десем өтірік айтпаған болар едім. Себебі, кез – келген тапсырмалар барысында қазақи рух беретін күй күмбірі, сергіту сәттеріндегі көңілді әуендер, жазба жұмысында интербелсенді тақтадан оның қаламын еркін ұстай білу, ақынның өмір жолын үлкен экраннан көру оқушылар үшін көптеген ақпаратты саналарына кеңінен сақтауға, әр тапсырмаға ерекше құлшыныс, қызығушылықпен қарауларына жол ашты. 45 минуттың әр кезеңінен бір жаңашылық, тосын бір дүние күтулеріне талпыныс орнатты. Осындай ретте үйде шығармашылық жұмыстар орындап, әр жерде өзгелерден таулары биік тұратын дарынды және талантты балаларымның одан бетер ашылып, өздерін көпшілік алдында сөйлеу мәнерлерінің, өздерін емін – еркін ұстай білу қабілеттерінің  төсілулеріне де көптеген септігін тигізді. Сабақтың көп бөлігін менің сөзім емес, осы оқушыларымының іс – әрекеттерді алып отырды десем артық айтқан болмаспын. Топта отырған балалардың жұппен жұмыс жүргізулері де осы оқушылардың басымдығын аңғартты. Дегенмен үлгерімі олардан төмендеу болып келген оқушылар да оларға еліктеп, өздерін реттей бастады. Осы арқылы олар өздерін де өзгені де бағалауға үйренді. Алғашқы сабақта өздерін өте жоғары бағалаған оқушылар, бертін келе бәріміздің тең екендігімізді ескере отырып, «МЕН» деген өзімшілдіктен біртіндеп арылғандай. Әр сабақ соңында 45 минуттың қызықтары негізінде өз пікірлерін бір сөйлеммен жазып кетіп жүрді. Бұл олардың сауатты жазуларына біршама септігін тигізсе, менің келесі сабақта осы сабақта жіберген қателіктерімді ескеріп, соның түзеуіме жол ашты. Демек, екі жақты қарым – қатынас негізінде бір мәмілеге келе білдік. Осының барлығын жүргізу, оқушыларды дұрыс ұйымдастыра алу – мен үшін біраз қиындық туғызғаны рас. Басы қатты, аяғы тәтті боларына сеніп жүріп, маған артылған ауыр міндетті ақтауым керектігін ескере отырып, 45 минуттың үздіксіз 7 модульмен ықпалдаса өтуіне өзім көшбасшылық жасадым. Бүгінгі таңда да осы ретте жұмыс жүргізіп келемін. Оқушыларым да біраз осы негіздегі сабаққа төсіліп қалған. Дегенмен, білетінім бір тоғыз болса, білмейтінім тоқсан тоғыз екендігін жақсы білемін. Әлі де талай курстарға барып, 7 модульді егжей – тегжейлі үйрену керектігін де білемін. Себебі, ол – заман талабы. Келесі таңдағы саналы ұрпақ – өзге ұстаздар қатарында менің де бірталай үлесімді қажет ететіндігін түсінемін. Алдымда отырған қаракөз қазақ балаларының сауатты да өзгеге үлгі болар азамат пен азаматша болып өсулері менің де ізгі арманым. Осы уақытқа дейін істеген жұмыстарым баршылық болғанымен, әлі де алда істейтін біртабан шаруалар бар екендігі рас. 45 минутымның 7 модульмен ықпалдаса отырып өтуі – болашақ ұрпаққа саналы тәрбие мен кең білім беруге бастар бірден – бір жол екендігін анық түсінемін. Тиімді пайдалана отырып – оқушыларымның барыс текті ұрпақ болып өсетіндіктеріне кәміл сенемін

ID: 96 | Просмотров: 3201

11/Янв/2015